Имам Ерсін Әміре: «Жалақым — 10 мың теңге болды»

0
238

Qubyla media арнасына сұхбат берген имам Ерсін Әміре бұрынғы және қазіргі жағдайы туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz.

Шымкент қаласында жақында ашылған Сейітжан қари мешітінің бас имамы болып тағайындалған Ерсін Әміре мешітке емес, Шымкенттің өзіне үйрену оңай болмай жатқанын әзілмен жеткізді.

«Діни саладағы қызметті әу бастан Шымкентте бастағам. Оған дейін елшілікте аудармашылық қызмет атқарып, 1000 доллар айлық алатынмын. Сол кездегі теңгеге шаққандағы бағамы — 120 мың теңге болатын»,- деген имам уақыт өте келе діни жұмыстарға түбегейлі бет бұрмақ мақсатында Шымкенттің орталық мешітіне діни дәріскер болып жұмысқа тұрғанын айтты.

Елшілікте 1000 доллар жалақы алып жүрген имам Шымкенттегі мешітте 10 мың теңге жалақы алғанын айтады.

Фото интернеттен алынды.