«Ісім сендермен болсын» дейді блогер

0
241

Танымал блогер Ырысбала Икрамбайдың ұлын балабақшада басқа бала тістеп алған, салдарынан ол шошынып, ұйықтай алмай қиналып жатыр. Бұл туралы блогердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында айтты , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогер балабақшаға айына 200 мың теңге төлейтінін, алайда мекеменің қарапайым бейнебақылау камерасы жұмыс істемейтінін жазған.

«Қаным қарайып отыр. Бетіне күн түсірмей қатарына қосамын деп шапқылап жүресің баланы. Бұлар «кешіріңізші, үлгермей қалдым, байқамай қалдым, балалар ғой» деп ыржиып отырады.

Барып жүргенімізге 3 ай болса да, камерасы әлі толық қосылмайды, алтыннан өріп жасайды. Тістеп алған қолынан, соның кесірінен шошып, жылап, қайта-қайта оянып жатыр. Ісім сендермен болсын енді.

Балаларға қарамайтын болсаңдар, балалар бірін-бірі ұрып, тістеп өз бетімен жүретін болса, атамның басына бала-бақша болып, ақшасын алып отырсыңдар, оған қоса арзан емес, әр балама 200 мың теңге төлеймін айына.

Балаларым бұлай тістеліп, ұрынып, соғынып үйде де жүреді. Инстаграмда немесе сөзбен ғана әдемі уәделерді үйіп-төкпей іске көшеміз. Балаларымыз дұрыс тәрбие алсын, әдемі орта қалыптастырсын, дамысын деп жібереміз, тістеліп келіп, түнімен шошып жатсын деп емес» дейді блогер.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.