Қаңтар оқиғасы бойынша полицейлер сотталды

0
177

Қаңтар оқиғасы бойынша ұсталғандарға азаптау қолданған полиция қызметкерлері сотталды, — деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

2024 жылғы 19 наурызда Алматы Алмалы аудандық сотында қаңтар оқиғасы кезінде азаптау қолдану дерегі бойынша үш полиция қызметкеріне қатысты үкім жарияланды (ҚК-нің 146-бабы).

«Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеді. Прокурорлар 2022 жылғы 9 қаңтарда Алмалы аудандық полиция басқармасында жеткізілген 3 азаматқа қатысты кінәлі полицейлер азаптау қолданғанын дәлелдеді», — делінген хабарламада.

Заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде үш жәбірленушілерге залал келтірілген.

«Соттың үкімі бойынша, үш сотталушы арнаулы атақтары мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, оларға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, аталған адамдар сот залында қамауға алынды».

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото ашық дереккөзден алынды.