Қазақтықтан жерінгісі келетіндер көп
Кеңестік кезеңде қалалы жерде “бір бала — аз, үш бала — көп, екі бала жетеді” деген түсінік қазақтың миына мықтап шегеленді. Қатыны екі қыз тапқан еркек коммунистік партияға байланғандықтан көзайымға ұл туғызбақ тұр ғой… Сырттан қызық іздеді ме десеңші.
Көп еркектің “көңілдесі” партия болды, ал қатыны еркекті сол партиямен қорқытатын со заманда. Үйіне кешігіп келгенін күйеуінің жиналысына кеп айтып партбилетті тартып алатынымен қорқыту түк емес болатын. 90-жылдары әйел — базаршы, еркек қазаншы болды.
Тапқаны, таптырғаны бірді-екілі бала. Содан кейін де бір үйдегі бір тал қыз кімге тисе де, “мәу” дей алмай, бір тал ұл байдан шыққан қатын алам десе де “тәйт” дей алмай пұшайман боп жүргені. Өтірік деңдер, дей алмайсың көбің.
Нешетүрлі сұмдықтан құдағиыңа бриллианттың жеті атасын сыйлап, құдаңа ең қымбат көлік мінгізіп, 700 адамға той бергенің де құтқара алмайды. Оны да көріп жүрміз. Салттан безгісі, жо-жоқ, анығы, қазақтықтан жерінгісі келетіндер көп.
Көмусіз қалам (тура мағынасында қабылдайтын топастар да көп мұны) демесең, қазақ болып қалуды ойла. Биліктегінің көбі — ауылда туып боқтан шыққандар. Бірақ неге ұлттық идеологиядан қашып, жынды боп қалғанын ұқпаймын.
Қазақтың мүддесіне сай ұлтқа жұмыс істейтін заң қабылданбаса, ертең өзің өлген соң күйеу балаң үлес талап ететін дүбәра ұрпағың қара шаңырағыңды ортасына түсіреді ғой, сүйегіңе қызың ие болуы да әбден мүмкін.
Айгүл Болатханқызының
Facebook парақшасынан.
Фото ашық дереккөзден алынды.