Кофенің адам ағзасына тигізер зияны қандай?

0
62

Невролог Роберт Лав көпшілік үшін танымал сусын кофенің адам ағзасына қандай әсер беретіні жайлы айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, кофе сусынының құрамындағы қант пен кофенің жоғары дозалары күшті стимулятор ретінде саналады және миға зиян тигізуі мүмкін.

Роберт Лав кофеиннің кез келген мөлшері ерте қартаюға әкелетіні жайлы нақты дәлелдер жоқ екенін атап өтті. Дегенмен ол кофені әуесқой пайдаланушылар өз шегін білгені дұрыс деді.

Невролог бір кесе фрапучино — мұздан, кофеден және тәтті сироптардан жасалатынын және оның 300 немесе 400 миллиграмм кофеиннен тұратынын еске салды. Сондай-ақ ол бір кофенің бір тәулікке жететін қанты бар екенін мысалға келтірді.

«Мұндай көлемді кофеин мен қант жүрек пен қан тамырларына зиянды және ол миды жай ғана жойып жібереді», — деп ескертті Роберт Лав.