Көптеп крематорий салынуы керек

0
236

Су тасқындары енді бүкіл әлемде арта түсуі мүмкін. Антрактидада күн ерекше жылынып жатыр. Өткен жылы жазда -50 градустан -10 градусқа дейін көтерілді. Еріп жатқан қарда есеп жоқ. Биылғы жаз одан да асып түсуі әбден мүмкін.

Бара-бара бұл еріген қар жер бетіндегі кей аралдарды, мұхит жағалауларын жұтып қояды.

Бірақ жерді жауып жатқан қардың керемет қасиеті бар. Ол күн радияциясын 90 пайызға кері шағылыстырады. Ал әлгі қарлар, мұздақтар еріп кеткен жағдайда біз күннің қауіпті радияциясымен бетпе-бет келеміз деген сөз.

Атмосфера озон қабатымен қапталған жылыжай іспетті. Түрлі зауыттардың, көліктердің, өртенген ормандардың түтіндері (көмір қышқыл газдары) атмосфера ішін жылыта түсуде. Одан бөлек, соғыс кезіндегі жарылған бомбалардың салдары да орасан зиян келтіретіні айтыла бастады.

Жер шарындағы билік ақшалы адамдардың қолдарында. Олар одан сайын көп ақша табу жолында күресіп жатыр. Эколог ғалымдар “Жер шарын қалай сақтаймыз?” деп шыр-шыр етеді. Бірақ оларды еститін құлақ жоқ.

Көптеп крематорийлар салынуы керек! Енді елімізде ғана емес, бүкіл әлемде су тасқындары арта түседі. Климат күрт өзгеріп жатыр. Зираттарды су басып, ол ішетін, жуынатын суларға әсер етеді. Бұл түрлі инфекциялық аурулар таратады.

Арман Әубәкірдің

Facebook парақшасынан.

Фото ашық дереккөзден алынды.