«Қыз туса, өлтіре салыңдаршы!» дейді коуч Жан Таңатар

0
636

Инстаграмм әлеуметтік желісінде ағылшын тілінен коуч, мотиватор, эксперт Жан Таңатар өзінің парақшасында қоғамдағы қызу талқылардың бірі қыз баласының тағдыры туралы жазба жариялады деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы Democrasy.kz.-ке сілтеме жасап. 

«Бірде үйдегілермен шәй ішіп отырғанымызда, кіші інім үйлену туралы әңгіме бастады. Сонда анам «абай бол ажырасқан, баласы бар әйел әкеліп отырма.

Қазір қыздар жаман, басыңды айналдырып алады» деді.

Жүрегім зың ете қалды. Үстел басында менің отырғанымды ұмытып кетті ау.. «,- деп жазған.

Одан әрі, анашым не осуждайте, өз қызыңыз ажырасып, екі қызымен отыр міне. Менің ең керемет ер азаматым болады, бірақ, ол санасы бұттан аспайтын, әлсіз қазақ емес.

Қылт етсе қызды кінәлауды қашан қоясыңдар? Сонда менің тағдырым ойыншық болғаны ма? Ерігіп ажырасқан екем ғой..

Сонда менде ойбаай бір қазақтың еркелетіп отырған баласының басын айналдырып алады екем ғой. Тфу мә, сенің сасық қазақ балаң керек екен маған! Ер баланы еркелетуді қашан қоясыңдар?

Қашан еркек етіп тәрбиелейсіңдер? Шіркін әйелінсіз түрси, нәскиі қайда тұратынын білмейді ғой 40-қа келсе де. Әйел не оның құлы ма еді?»

Анамның сөздері дертке шалдыққан қоғамның сөзі. Анам мені ренжітемін деген ойда болған жоқ. Көп аналар, енелер шектелген миының шырмауында шырмалып жүргені ай әттең..

Сол еркекті туатын әйел емес пе?
Біздің қоғамда әйелге ауамен демалудың өзін роскошь етіп қойған.

Қыз туылса өлтіре салыңдаршы..

Бала кезден қазақ еркектерінің қылығын (ұру, соғу, ішу, ақша таппау, әйелін күң ету) қалыпты жағдай деп есептеп келіппін, түсінігі тар қоғамның сендіріп қойған шаблонын 30 жастан кейін әлем шарлап сындыра алдым.

Бәріне әлсіз жанды кінәлайтын қоғамды, санасы бұттан аспайтын әлсіздігінің белгісі екенін түсіндім… -деп өз жазбасын аяқтаған.

Фото көрнекілік үшін әлеуметтік желіден алынды.