Мектеп есепшісі бас бостандығынан айырылды
Шымкенттегі тағы бір мектептің есепшісі бас бостандығынан айырылды: ол мектеп бюджетінен өз есепшотына 5,1 млн теңге ақша аударып алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, ол бұл қаражатты ай сайын аз-аздан аударып отырған. Бірақ, жалпы ұрланған ақша 5,1 млн теңгеден асып кеткен.
«Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен №96 М.Әуезов атындағы орта мектептің бас бухгалтері сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқырғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды», — деп хабарлайды Шымкент прокуратурасы.
Есепші кінәсін толық мойындаған соң, сот оған неғұрлым жеңіл жаза берген.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.