Мемлекеттік тілді білмейтіндерге айыппұл салынса…

0
392

Қазақстан штрафстанға айналып бара жатқаны өтірік емес!? Не болса соған айыппұл салу мәселені шешпейді! Есігінің алдына қоқыс қалдыру, түнгі 22:00-ден кейін көршінің мазасын алу, жол ақысын төлемеу т.б.әлі бәз қалпында.

Өзгеріп, жойылып, тәртіпке бір күнде бағынып жатқаны шамалы!? Бір белсенді ағамыз, “мұғалімдер оқушыларды қазақша сөйлетпесе, жылдың аяғында сотқа берем!”- депті.

Хош делік! Елорданы айтпағанда, оңтүстік астана Алматының өзінде мемлекеттік тілге сұраныс жоқ!

Қызмет көрсету орындарында, көшеде, қоғамдық көліктерде, екеуара, бесеуара әңгіме, әкімнің есеп беру жиынына дейін басым бөлігі өзге тілде(орыс) өтеді (қызмет көрсетеді)!

Ғаламтордың тілі орысша! Керек ақпаратыңды қазақ тілінде табу қиынырақ екені жасырын емес! Аша қалсаң, орысша ақпараттар бірінші көзге ұрады.

Еркін Рақышевтің елді ұлт тілінде, мемлекеттік тілде сөйлету тек бір-ақ адамның қолында екенін білмейтіні таңғалдырды!

Егер мемлекеттік қызметке мемлекеттік тілді білмейтіндер алынбайды, болмаса ірі көлемде айыппұл салынады немесе Ата Заңдағы бір ғана бапты алып, қазақ тіліне басымдық берілсінші, ертеңіне демей-ақ қояйын, бірер айда елдің, қай ұлт өкілі болмасын 80-90% қазақша сөйлейді (жазады)!!!

Не үшін біздің елде сырттан келгендерге, әсіресе, посткеңестік елдердің өкілдеріне тұру қолайлы, себебі мемлекеттік тілді үйрену қажеттілігі жоқ, бас қатырмайды, өз тілінде (өзбек-өзбекше, тәжік-тәжікше, орыс-орысша, индус өз ана тілінде) емін-еркін қарым-қатынас жасап, алшаңдап жүре береді!

Сол үшін елде оқып, тұрып, кәсіп істеп жатқан әр ұлт өкілі өз тілінде сөйлейді, тек қазақ тілінде емес! Өкініштісі-осы!!!

Айя ҚУАНЫШЕВА, белсенді ұстаз.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін.