“Мұғалімдерге жанымыз ашиды” дейді ата-аналар

0
2705

Әлеуметтік желіде тараған видеода ата-ана қазіргі мұғалімдерге жаны ашитынын жеткізді деп жазады Democrat.kz.

“Қазіргі білім саласында тренд болып жатқан “Біртұтас тәрбие” деген нәрсе, кімге не үшін керек? Жақында мектепке жиналысқа бардым.

Қарап отырып мұғалімдерге жаным ашыды. Әлгі жиында мұғалім “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы үшін арнайы слайд жасап, түрлі көрнекі құралдармен тренинг өткізуі керек екен.

Соны дайындауға, өткізуге қанша уақыт, энергия кетті. Сондай бағдарламаның не керегі бар?

Бұрын сынып жетекшісі жиналысқа шақырса, оқушыларға қатысты мәселелерді сөз етіп, маңызды дүниелерді айтатын. Ал қазір мұғалімдерді басқа, түкке керексіз дүниелермен айналыстырып қойды.

Мұғалімдерге тыныштық беріңдерші! Мұғалім балаға сабақ өтсін!”- дейді Жұлдыз есімді ата-ана.

Осы видеоға қатысты басқа ата-аналар да “иә, қазір мұғалім сайқымазаққа айналды. Балаға қарайтын уақыты жоқ”, “мұғалім министрдің бұйрығымен жұмыс істейді, амалы жоқ”, “жоғарыда ерігіп отырғандардың тірлігі ғой” деген пікірлер жазуда.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды. 

Watch on TikTok