Ниқабқа оранған қазақ жігіті жұртты әрі-сәрі күйге түсірді

0
106

ТикТок әлеуметтік желісінде жарияланған тұмшаланып киінген жігіттің видеосы жұртты әрі таңғалдырды, әрі күлкіге қарық қылды деп жазады Democrat.kz.

Видеода ниқаб киген жігіт әйеліне жеке гигиеналық заттарын сатып әкелгені айтылады. Түсінгеніңіздей, жігіт бет-жүзін тұмшалап, ұзын етекті көйлек киіп сауда орнына барып, әйелдердің гигиеналық затын алып келген.

Үйінің есігінен кірер-кірмес, үстіндегі ниқабын шешкен еркекке қатысты желі қолданушылар түрлі пікірлер жазуда.

«Пайғамбарымыз еркекке әйелдің киімін киюге тыйым салған», «саған лағынет болсын!», «міне, ниқаб деген осындайымен қауіпті ғой, ішінде кім бар екені белгісіз», «сені ухти екен деп басқа еркектер қырындамады ма?», «осы киімімен алып қашып кеткенде ше» деген пікірлер жазылуда.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды. 

@trend.tovar.taraz

♬ оригинальный звук — Тренд товар