Нұрлан Еспановтың ұлы бейтаныс қыздарға интим хаттар жазбағанын айтып, ақталды

Бейтаныс қыздарға интим хаттар жазып, басы дауға қалған Нұрлан Еспановтың ұлы ел алдына шықты.
Олжас Еспанов атышулы дауға қатысы жоқ екенін айтып, журналист Анна Данченкоға сұхбат берді.
“Әлеуметтік желіге таратқан қызды танымаймын. Егер оған жазсам, менің парақшамда да сақталу керек емес пе?! Менде ондай хаттар жоқ. Бірнеше рет архив жазбаларымды ақтардым. Былай айтқанда, үлкен аяқтан шалу болды десем де болады. Өйткені ондай қызды танымаймын, ондай қызбен кездеспегенмін де”, — деп түсіндірді Олжас Еспанов.
Сондай-ақ, ол хатты әлеуметтік желіге кімнің жариялағанын да тауып, кездеспек болған көрінеді.
“Кімнің салды екен деп зерттеп қарадым. Алғаш Tik Tok желісінен көрдім. Сосын Айсұлу деген бір қыз салды. Бірақ ол жабық парақша екен. Қарасам, арамызда ешқандай диалог болмаған. Кейін маған дайректке жазып, “ол ешқандай Айсұлу емес, Башқұртстанның Александар деген қызы” деді. Ол Айсұлу болып солай контент жүргізіп жүр екен. “Не үшін жасадың” деп жаздым. Бірақ диалогқа келмеді, қыздың жазғаны маған жиіркенішті болды. Содан тыныштық керек деп бұғаттап тастадым. Бірақ кейін оның ешқандай Айсұлу емес екенін білдім. Ол Александра деген қыз Айсұлу болып бір адамның өмірін құтты десем де болады. Жақында отау тігемін. Болашақ жарым Айнұрға да мән-жайды түсіндіріп айттым”, — деді әйгілі әншінің ұлы.