Оқушыларға тамақ қалдықтарын берген
Алматы қаласындағы №67 мектепте оқушыларды асханада қалдықтармен тамақтандыратыны туралы видео жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видео Алматы тұрғыны Сәуле Тасқожаның TikTok парақшасында жарияланды. Оған мән берсек, асхана қызметкерлерінің жаңадан тартылған ет пен мұздатқышта бұрыннан тұрып қалған етті біріктіріп жатқаны көрсетілген.
«Мектеп оқушыларынан қаншама тамақ қалып жатыр? Оқушылар неліктен берілген асты жемейді? Әлде дәмі жоқ па?» — дейді видеодағы ата-аналардың бірі.
Ал Сәуле Тасқожа өткен демалыс күндері осы видео үшін мектеп директоры тарапынан қайта-қайта хабарласып, қорқытқанын айтты.
Фото көрнекілік үшін.