Олжас Бектенов әкімдердің жұмысын сынға алды

0
58

Премьер-министр төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылу беру маусымындағы өрт қауіпсіздігі мәселесінде әкімдіктердің мардымсыз жұмысын сынға алды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Бірінші кезекте, халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерін есепке алған жөн. Олар ерекше бақылау аймағында болуға тиіс. Осындай үйлердің барлығына газ датчиктерін тегін орнату қажет. Алайда Жетісу, Ақмола, Ақтөбе облыстарының және Алматы қаласы әкімдіктерінің бұл бағыттағы жұмыстары мардымсыз екенін атап өткім келеді. 2%-дан 14%-ға дейін ғана қамтылған. Аталған әкімдіктер датчиктер орнату бойынша жұмысты күшейтуі керек»,- деп тапсырды Олжас Бектенов.

Олжас Бектенов профилактикалық іс-шараларды сапалы іске асыру және қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау қажеттігіне назар аударды.

Төтенше жағдайлар министрлігіне газ техникалық инспекцияның өкілеттігін күшейту жұмыстарын жүргізу, ал әкімдіктерге министрлікпен бірлесіп өрт қауіпсіздігі айлық шарасын ұйымдастыру тапсырылды.

Фото интернеттен алынды.