Олжас Сүлейменов — елші қызметіне тағайындалды

0
58

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменовті Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұған дейін бұл лауазымды Сергей Нұртаев атқарған болатын.

Бұдан өзге, Тоқаев Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Жұмағалиевті лауазымынан босатып, оның орнына Қайрат Әбдірахмановты осы елдегі елші етіп тағайындады.

Фото интернеттен алынды.