Педофилге аяушылық болмайды

0
148

Мәжіліс әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заң жобаларын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құжат Мемлекет басшысының жолдауындағы тапсырмаларын іске асыру үшін депутаттардың бастамасымен әзірленді.

Заң жобасын бірінші оқылымда құжат авторларының бірі, депутат Жұлдыз Сүлейменова таныстырды.

Заң жобаларына зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгездікке немесе адамның ар-намысын қорлауға жол бермеу үшін бірқатар норма енгізіледі.

Жас баланы өлтіргені немесе педофилия үшін «өмір бойы бас бостандығынан айыру» жазасы қолданылады, — деді депутат.

Бұған дейін заңда суицидтің алдын алу мақсатымен өзін-өзі өлтіру немесе оған итермелегені үшін 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы ұсынылғанын айттық.

Сонымен қатар әйелін ұрғандар 8 жылға сотталуы мүмкін екенін хабарладық.

Фото ашық дереккөзден алынды.