Петицияға қол қою науқаны басталды

0
793

Жақында қазақстандық мұғалімдер «Мақсатты мектеп» жобасын тоқтатуды сұрап жоғары билікке ашық хат жолдап, петиция жариялаған еді. Ресми порталда тіркеуге алынған сол петицияға қол қою басталды деп хабарлайды Democrat.kz.

Естеріңізге салып өтейік, жоғарыда сөз болған ашық хатта да, жарияланған петицияда да бастамашыл мұғалімдердің талабы — «оқушыға алаңсыз сабақ өтейік!» болды.

Бұған себеп — жаңа оқу жылы басталмай жатып, Оқу ағарту министрлігі тарапынан еліміздегі 943 мектеп мұғалімдеріне «Мақсатты мектеп» жобасы бойынша курс оқып, тест тапсыру жүктелді.

Жаңа оқу жылымен қабаттасып келген бұл жоба мұғалімдердің алаңсыз сабақ өтуіне кедергісін тигізіп, ақырында «жоба тоқтатылсын» деген наразылыққа ұласты. Сол себеппен мыңдаған мұғалім билікке ашық хат жолдап, петиция жариялаған.

Енді міне, сол петиция модерациядан өтіп, петицияны қолдаған кез келген азамат оған қол қоя алады.

Петицияға 2025 жылғы мамыр айына дейін 50 мың адам қол қойса, «Мақсатты мектеп» мәселесі билік тарапынан майшаммен қаралады.

Петицияға қол қоямын десеңіз, төмендегі сілтемеге өтіп, «қол қою» тетігін бассаңыз болады.

https://epetition.kz/petition/c1c7f5ea-3f8f-49ad-b1a6-6e731365f518?commentPage=0