“Салтанаттың ағасы мені боқтады” дейді Бишімбаевтың анасы

0
444

 Грэйспен болған сұхбатында Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова Салтанат Нүкенованың ағасы өзін боқтағанын айтты деп жазады Democrat.kz. Ақпараттық порталы.

“Біз Шымкентте кезде, Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелді қарындасын таппай, маған түн ортасында телефон соғып, әбден балағаттады. “Қазір немереңе көресіні көрсетем!” деп Ранияны қасына алып алған. Біз қатты қорықтық.

Кейін немерем оның қолынан сытылып шығып, қашып шкафқа тығылып сол жерден “Help Mı” деп бүкіл таныстарға хабарлама жіберді. “Құтқарыңдар! Әкемді ұрып жатыр!” деп Рания хабарлама жіберді. Сол күні таңғы 6-да Қуандықтың үйіне бардым. Айтбек үйдің топалаңын шығарған.

Қуандықтың қолын кесіп жіберген” деген Альмира Нұрлыбекова. Алайда Айтбекке қатысты осы оқиғаға байланысты қолыңызда әлдебір дәйек-деректер бар ма деген сұраққа Бишімбаевтың анасы қолында түк жоқ екенін айтты.

Фото ашық дереккөзден алынды.