Шымкенттіктер жұртты тағы таңғалдырды

0
127

ТикТок әлеуметтік желісінде Шымкентте өтіп жатқан құдалық-той туралы видео таратқан блогер таңданысын жасыра алмай, таңдай қақты деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы. 

«Мәссаған, мынадай тойды кім көрген. Қазір құдалық басталып жатыр. Қыз жақтан келген жасауды көрсетейін»,- деген блогер «күймемен» жеткізілген қыз жасауын көрсетті.

Расымен де, елден ерекше көлікпен жеткізілген жасау екен. Кәдімгі «Газель» көлігінің артқы жүк тасығышын «күйме» етіп өзгерткен «фантазияның авторы» кім екені белгісіз.

Көілкке артылған жасаудың өзі миллиондаған теңгені иығына артып тұрғаны сөзсіз.

Жұрт «Ысырап қой мынау», «Шымкент емес, мақтаншақ қала деп атау керек бұларды», «не керегі бар осындайдың» деген пікір жазуда.

Фото интернеттен алынды.  

@zhasulan_kokbori

#той #құдалық #шымкенттіңтойы #шымкент #қапқарашымкент #шуылдақ #кит #тоғыз #таңқалдырды😂

♬ оригинальный звук — Zhasulan Syzdyk