Танымал әнші Кэти Пэрримен бірге әйелдер борты ғарышқа ұшып келді

Джефф Безосқа тиесілі Blue Origin New Shepard зымыраны Техастағы ғарыш айлағынан ұшырылып, алты әйел ғарышқа ұшты.
Безостың қалыңдығы Лорен Санчес пен тағы бес әйел – CBS жүргізуші Гейл Кинг, NASA-ның бұрынғы зымыран-ғалымы Айша Бо, азаматтық құқық қорғаушы Аманда Нгуен, продюсер Керриан Флинн және поп-әнші Кэти Перри ғарыштан келді.
New Shepard зымыраны таңғы сағат 8:30-да көтеріліп, Жер бетінен шамамен 100 шақырым биіктікте орналасқан ғарыштың мойындалған шекарасы Карман сызығына жетті. Толығымен автоматтандырылған кеме осы биіктікке тігінен көтерілді, содан кейін экипажы бар капсула бөлініп, парашюттер мен зымырандық тежегіштің көмегімен жерге түсті. Ұшу 11 минутқа созылды.
Бағдарлама аясында бүгінге дейін ғарышқа 52 адам жіберілді. Компания New Shepard-тағы бір орынның қанша тұратынын айтпады. Ұшу барысында Кэти Перри Луи Армстронгтың “Қандай ғажайып әлем” әнін айтқан екен. Перри өзімен бірге түймедақ шүлін алып кеткен. Сөйтсе оның қызының есімі Дейзи, ол түймедақ дегенді білдіреді.
Кэти Перри мен Гейл Кинг ғарыштан келген кезде тізерлеп тұрып, жерді сүйді.
Айша Бо “капсуладағы энергияны сезінгенін” және олар ғарышқа жеткенде әйелдердің бір-біріне қарап қалған сәті болғанын айтты.
Зымыран ғалымы Айша Бо Багам аралдарынан ғарышқа ұшқан тұңғыш әйел атанды.
Болашақта Blue Origin компаниясы Илон Масктың SpaceX компаниясымен тікелей бәсекелесе отырып, ғарыштық туристерді орбитаға жеткізуді жоспарлап отыр.
Сарапшылар коммерциялық ғарышты ұшыру үшін басты шайқас Маск пен Безос арасында өтеді деп есептейді. Space X-тің Falcon 9 зымырандары 469 рет ұшырылған. Blue Origin өзінің New Shepard ғарыш кемесін тек 31 рет сәтті ұшырды.