Трамптың үндеуі Путиннің зәре-құтын қашыруы мүмкін бе?
23.01.2025, 10:40
0
98
Украина мәселесі шешілмесе, АҚШ Ресейдің бүкіл тауарына санкция салады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Трамп Путинге жасаған алғашқы үндеуінде мәлімдеді. Ол Truth Social әлеуметтік желісінде жазба жариялады.
Трамп соғысты тоқтату арқылы Путинге үлкен жақсылық жасағалы отырғанын айтады. Өйткені онсызда Ресейдің экономикасы күйрегелі тұр. Соғыс жалғаса берсе, жағдай қиын, адам шығыны да көп болатынын жеткізді.