Трансгендер Амилай үндеу жасады (ВИДЕО)

0
374

ТикТок әлеуметтік желісінде қазақстандық «Амилай» лақап атымен таныс трансгендер ата-аналарға арнап үндеу жасады деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы. 

Амилай әрбір ата-ана баласы трансгендер болып кетпесін десе, баласы кішкентайынан онымен сырласып, ашық сөйлесуі керек екенін айтып: «Кішкентай кезімде ата-анам менімен ашық сөйлеспеді. Кейін өсе келе өзімнің еркектерге ерекше сезімім болатынын аңғардым.

Өмірге еркек боп келсем де, әйелді емес, еркектерді жақсы көрем. Сол себепті ата-ана бала кішкентай кезде қадағалап, ашық сөйлесуі керек» деді.

Сонымен қатар ол өзінің 6 жасынан бастап, бойындағы өзгерісті байқағанын айтып, ТикТок жастарды бұзады, трансгендер болуға үйретеді деген пікірге қарсылығын білдірді. Және ТикТок әлеуметтік желісін бұғаттауға қарсы екенін де білдірді.

Фото ашық дереккөзден алынды.

@amilai.omir

♬ оригинальный звук — Амилай Amilai 🇰🇿