Тылсым дүние: Құдай баламен сынамасын

Осыдан 5 жыл бұрын қызым қатты ауырып қалды. Ол кезде жасы 2-де. Апармаған дәрігеріміз қалмады. Балада әл-дәрмен жоқ, неше күн нәр татпады. Ол аздай, Иегіне жара қаптады. Ол жараға жақпаған дәріміз жоқ. Ештеңе көмек бермеді.
Құдай баламен сынамасын, не істерімізді білмей кеттік.
Менің ол кезде тылсым, рухани әлем туралы ештеңе білмейтін кезім. Білетінім тек жанталасып кәсібімді жүргізу. Бизнеске баспен кіру.
Ақыры соңында “Мына бала өліп қалмай тұрғанда бірдеңе істеңдер” деп ауруханаға баланы құшақтап барып алдым. Неше күн Тамақ, су ішпеген баланың жылауға да шамасы жоқ. Көзі жәудіреп отырды да қойды. Көз алдымда су құймаған гүлдей сола берді.
Дәрігерлер толықтай тексеру жасап, анализ алып “Денсаулығы аттай! Еш жері ауырмайды. Тамағы да қызарып тұрған жоқ” деп екеумізді ауруханадан шығарып салды.
Амалсыз үйге келдік.
Бала әлсіреп әлі жатыр. Еш нәтиже жоқ.
Тіпті не істерімізді білмедік.
Құдайдың жоспары шығар, сол сәтте жолдасыма танысы хабарласып қалды. Мән-жайды білген ол “Дәрігер көмек бере алмаса балаға тіл-көз тиіп қалуы да мүмкін ғой? Қаласаңдар, ұшықтайтын бір танысым бар” деді.
Шарасыз отырған біз ұшықтайтын ер адамның мекен-жайын біле сала кеш болса да сол жаққа ұштық.
…Бізді жасы 60-қа жақындаған жігіт ағасы қарсы алды.
Ештеңе сұрамады, баланы көріп-ақ түсінген болар . Ұшықтап, алақанымен емдеді.
Сізге өтірік, бізге шын, бала бірден ес жиып, сол түні-ақ ас ішті. Ұйқысы да тыныш болып ертесі шауып кетті.
Иегіндегі жаралар да еш дәрі жақпай 1-2 күнде кетіп қалды.
Арада бірталай уақыт өтті. Мен ол оқиғаны ұмытып кеттім.
Бірде өз денем қызарып бөртіп кетті. Бетім мен алақаным ғана қызармаған, қалған жеріме түгел күп болып ісіп, аллергия сияқты қызарған бөрітпе қаптады. Менде Туғалы аллергия деген болмаған, мұның не екенін түсінсем бұйырмасын.
Бизнес, жұмысты қойып, бірден дәрігерге шаптым.
Дәрігерлер сараптамадан өткізіп мардымды ештеңе таппады. Аллергияға қарсы дәрілер екті. Одан қызарған денем одан әрі күп болып істі. Асқынбаса, басылмады. Не істерімді білмей дал болдым. Ол аздай, түзу жолда келе жатып аяғымды қайырып алып жүре алмай қалдым. Сол сәтте баламды апарған ұшықтайтын адам есіме түсті.
Жолдасым екеуміз бірден сол кісіге ұштық.
“Дәрігерлер дәріден қайтады деді ме?” деп мырс етті емші. “Иә” дедім. “Ееее…” деп күлді. Сосын емін жалғастырды. Басқа ештеңе демеді.
Ол кезде түсінбеймін ғой, қазір ойлап қарасам, ол кісі алақанымен адамның 7 чакрасын тазалайды екен. Оған дейін емші, көріпкел дегендерге барып көрмеген жан екенмін, емнен кейін екінші рет өмірге келгендей рахат болып қалдым.
7 қуат көзімнен энергия жүріп, аура қабаттарым бір тазарып керемет болып қалғам екен ғой.
“Барлық бөрітпе аяғың арқылы кетеді” деді соңында.
Расында, 1-2 күннен кейін бөрітпе денемнен толық кетіп, соңында аяғым арқылы қайтты.
… Бірде журналистік қызығушылығым оянып, емшіге жолдасыммен бардым. Бұл қасиеттің қалай қонғанын білгім келді.
“Мен көп жыл басшылық қызметте болған жанмын. Қасиет, дін жолы дегенді білген де емеспін. Ұстанбағанмын да.
Көп адам сияқты “Зәулім үй салып, қымбат көлікке мініп, креслода басшы болып отыру”- өмірлік мәнім болды.
“Жердегі пенде жоспар құрғанда, көктегі Құдай күліп тұрады” деген рас екен.
Ол кезде біреу: “Төрт қабырғадан шықпай адам емдеп отырасың. Намаз оқып, ораза тұтып Құдай жолында тап-таза жүресің” десе миығынан күлген болар ем.
Ақыры Құдайдың қалауы болды. Көшеге шықсам бітті, ес-түссіз талып қалатынды шығардым. Тіпті үйден шыға алмай қалдым.
Сөйтіп жүргенде, жұмыста проблема шығып, кешегі шылқып жүрген өмір, тақ, бәрі қалды. Өз Басыммен мұң болдым.
Жұмысқа шықсам бітті талып қалам. Қымбат көлігіме міне алмай қалдым. Сонымен Жұмыс та, ақша да, көлік те жайында қалды.
Ал автобуспен жүрсем есімді жоғалтпай, баратын жеріме амалдап жететін болдым.
Бара-бара әр адамның ауыратын жерін сезіп, бірге ауыруды шығардым.
Не болып кеткенін түсіне алар емеспін, бірде автобусқа отырдым, сөйттім де әр отырған адамның бетіне бір-бір қарап шықтым.
О Құдірет, кімнің қай жері ауырады, маңдайында ап-анық жазылып тұрды.
Өзімді тексеру үшін кімнің қай жері ауыратынын тез-тез айтып шықтым. Автобуста отырған жандардың бәрі бір сәт тосылып қалды да, соңынан у-шу болды. Қайдан білетінімді сұрап таңғалды. Телефонымды сұрады.
Апыл-ғұпыл Автобустан түсіп басым ауған жаққа кеттім.
Кейін Қазақстанда қасиеті бар бір ата барын естіп, іздеп бардым. Есігінің алдында 30-40 адам тұрды. Алайда ата кіру керектерді ғана таңдап кіргізеді екен. Бірден маған көзі түсіп: “Қолың алтын! Ұстан! Құдайдан берген қасиетті ұста! Әйтпесе мен сияқты иегі тізесіне тиген бүкір боласың” деді.
Бірақ өмір бақи креслода отырған адамға қасиетті ұстап төрт қабырғада емші болып отыру қандай қиын болғанын білсең ғой! Отбасым “Елден ұят емес пе? Қалай емші боласың?” деп қаншама қарсылық танытты… Осы ісім үшін ұялды. “Қуып кетті” деп қаншама танысым сыртымнан күлді.
Бірақ біздің емес, Жоғарының қалауы болады екен. Міне, осылай адам қарап отырмын. Егер адам қабылдамасам, тұра алмай ауырамын. Адам емдесем бірнеше жылға жасарамын” деп күлді өзі.
Жанат БАҚЫТ, медиум.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін.