Жаңа заң кей еркекті қатты қорқытуда (ВИДЕО)

0
278

“Отбасындағы зорлық-зомбылық” туралы заңға Президент Қ.Тоқаев қол қойғаны мәлім. Бұл заңды қазақ қоғамы көптен күткен болатын. Алайда аталмыш заңға қарсы топтар да наразылық білдіріп, әлеуметтік желіде үндеу жасай бастады.

Әйелге қол көтеруге, балаға әлімжеттік жасауға тыйым салатын бұл заңға көбінесе еркектер қарсылық танытуда. “Мына заңнан кейін үйленбей-ақ қойған дұрыс”, “әйелдің тілі ұзын болғаны үшін таяқ жейді”, “енді бұл заңнан кейін әйелімізге бірдеңе десек, басымыз пәлеге қалады”, “еркектерді де қорғайтын заң керек”, “мына заңнан кейін кейбір әйелдер құтырып, еркектің басына шығады” деген пікірге толы үндеуін видео арқылы әлеуметтік желіде таратқан ер-азаматтарды қолдаушылар да жоқ емес. Бір жағынан қарасақ, еркектердің бұл қаупі де дұрыс сияқты. Алайда әйелді ұрып-соғып айтқанына бағындыру — тек надан, білімсіз еркектің әрекеті. Ал мұны түсінетін еркек бар ма?

Фото ашық дереккөзден алынды.

@atashkasimpo1

♬ оригинальный звук — Саги