«Жазушылар одағында» не болып жатыр?

0
237

Әлеуметтік желіде «Жазушылар одағында» болып жатқан жағдайға қатысты ақпараттар тарады деп жазады Democrat.kz.

Білетіндердің айтуынша, «Жазушылар одағының» Астанадағы филиалы басшылығынан Дәулеткерей Кәпұлын алып тастау үшін астыртын жұмыстар жүргізіліп жатқан сыңайлы.

Осыған байланысты журналист Ержан Төлек өзінің парақшасында:

«Бұрнағы күні Астанаға астыртын келіп, елордалық жазушылардың бір тобына арнайы дайындалған хатқа қол қойдыртыпты-мыс.

Арам пиғылы — Алаш руһаниятында айтулы орны бар Астанадағы Жазушылар Одағының филиалы басшысы Дәулеткерей Кәпұлын орнын алу.

Кезінде Алаш ардақтыларының үстінен домалақ арыз жаздыру тәсілін төраға мұра етіп жаңғыртып жатқан сыңайлы.

Дәулеткерей Кәпұлы Одақ жасай алмай отырған жұмыстың біразын жалғыз өзі істеді. Ұлт руһаниятының тасын өрге домалатып келе жатқан фмлиалды Мереке Құлкенов ақпаннан жауып тастаған.

Астана бюрократиялық, экономикалық қала ғана емес, руһанияттың да ордасы болуы керек. Жазушыларымыздың біразы осы қалада тұрады.

Жазушылар Одағы Төрағаға жарыған-ақ екен. Адаммен сөйлесуге жарамай, астыртын арыз жазып, қол жинап жүрген адамнан не күтуге болады?» — деп жазды.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.