“Жеті жыл заңсыз тұрдық”: Мақпал Жүнісова неке куәлігін көрсетті

0
72

ҚР халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова заңды некеге тұрған сәтін есіне алды.

Өнер иесі 27 жыл бұрынғы құжатты көрсетті.

“Зәкең үлкен той жасап, неке қиюға барамыз” дегенде: “Зәке, жақсы көрсеңіз асықпаңыз, әңгімеміз жараспай қалса дардай басыңызбен ажырасып жүресіз бе?! Бір-екі жыл бір-бірімізді тексерейік” деп келіспедім. Содан жеті жыл заңсыз тұрдық. 1998 жылдың 1 қазанында неке қиылды”, – деп жазды әнші.

Сондай-ақ халық әртісі тегін ауыстыруға қатысты да сұраққа жауап берді.

“Әкем мені үлкен әнші боласың деп 3-сыныптан қалаға интернатқа оқуға әкелген  Сондықтан әкемнің тегін ауыстыру арман болған жоқ. Сосын Жүнісова болып, “Еңбек сіңірген әртіс” атағын алып қойғанмын”, – деді эстрада жұлдызы.