Жұбайыңыз сізге ұнауға тырыспаса…
Жанасу — романтикалық байланыста жақындықты көрсететін негізгі әрекет. Ғашықтар бір-біріне тұрақты түрде физикалық тартытылысты сезінеді деп жазады NUR.KZ ақпараттық сайты.
Олар үшін сипалап, құшақтау, сүю қалыпты жағдай, мұны тіпті кейбір жұп қоғамдық орындарда да жасырмайды, өз қалауына қарсы тұра алмайды. Зерттеу барысында адамның сүйіктісіне деген сүйіспеншілік сезімі неғұрлым жоғары болса, олар бір-біріне жиі жақындасады, араларында нәзік жанасу түрлері көбірек байқалады.
Егер ер адам кездескен кезде салқындық танытса, құшақтап, сүйген кезде бұрынғыдай құшырланбаса, сіздің бетіңізден, шашыңыздан сипауға, еркелетуге ниет білдірмесе, онда бұл қалыпты жағдай емес. Ол соңғы рет қашан себепсіз гүл сыйлап, әдемі сыйлық немесе сіздің қалауыңыздағыдай тосынсый жасады?
Сіздің қуанған сәтіңізді, ризашылық білдіргеніңізді көру үшін қандай зат сатып алды? Есіңізде жоқ па? Ер адам сүйген әйелінің көңілінен шыға алса, өзін бақытты сезінеді. Арадағы қатынас басталған сәттен-ақ ол сіз үшін ерекше жан болғысы келмеді ме? Сізге тамсанды ма, мақтау сөз айтты ма?
Егер біраз уақыт өткеннен кейін мұның бәрі артта қалса, бұл оның сізге бей-жай қарайтынын білдіреді. Ол әйеліне сүйсінбейді және ұнауға тырыспайды. Сүйіктісіне ұнауға деген ұмтылыс — бұл махаббаттың өзгермейтін заңдылығы.
Бұрын ол сіз үшін от пен суға түсуге дайын болса, қазір сіздің өтініштеріңізді ұмыта бастады немесе мүлдем жауап бермей ме? Үйге қайтар жолда йогурт сатып алуын өтіндіңіз, бірақ ол ұмытып кетті. Оның ойы сүйіктісінен алыс екені анық, ол басқа нәрсе туралы ойлайды.
Сіз онымен бірге жаңа мейрамханаға барғыңыз келетінін меңзедіңіз, бірақ ол естімегендей кейіппен мүлдем жауап бермеді. Егер осыған ұқсас іс-әрекет сирек болса, онда оны түсінуге және бұл туралы ұмыта салуға болады.
Алайда жүйелі түрде осылай қайталанса, елемей көз жұмып жүруге де болмайды. Психолог Джон Готтман мұны махаббат немесе сенімділіктен гөрі әйелдердің ер адам бойынан іздейтін ең маңызды дүниесі, — деп түсіндіреді.
Күйеуінің қызғанышын байқаған әйел қашан да қуанатын еді. Ал күйеуі әйелінің қайда және кіммен жүргенін, қай уақытта қайтып келетінін сұрамаса, әйелінің сөзіне жауап ретінде тек басын изейтін болса, бұл алаңдаушылық тудырады.
Ол сіздің бос уақытыңызды қалай және қандай ортада өткізетініңіз туралы ойламайды, сізбен бірге ешқайда барғысы келмейді. Сіз құрбыңыңызбен кафеге бардыңыз ба? Мәселе жоқ. Ата-анаңыздың үйіне қонып қалдыңыз ба?
Ештеңе етпейді. Мұндай көзқарастан салқындық байқалады. Оның мұндай әрекетін шаршап жүргенімен байланыстырып ақтамаңыз. Өзіңізге сұрақ қойыңыз: сіздің сүйікті адамыңыздың қалай және кіммен уақыт өткізетіні сізді қызықтыратын ба еді? Егер сізге бұл маңызды болмаса, онда махаббат жоқ.
Жиі ызаланады Көптеген жанжал мен ер адамның ашулануы адамның қаншалықты қашық екенін білдіретін дабыл қоңырауы болса керек. Ол енді сіздің сезіміңізге мән бермейді, қамқорлық жасамайды, аңдамай сөйлейді, ренжітіп алудан қорықпайды.
Сіз жиі ұрыса бастайсыз, тіпті мұның қалай басталғаны есіңізге түспейді. Көйлегін дұрыс үтіктемегеніңіз, тағамды дәмсіз етіп пісіргеніңіз, дұрыс жүрмегеніңіз, біртүрлі күлгеніңіз оның ызасын келтіреді.
Ер адам шын қалайтын әйел әрқашан тұғырда болады. Ол не істесе де, ер адамға бәрі ұнайды, ол әйелді өзіне тартады және оның бойындағы құштарлықты оятады. Мұндайда үнемі қорлау, айыптау және ренжітуге жол жоқ.
Егер ер адам әйелімен үйлесімді байланыс орнатса, ұрыс-керіс те басылады, жыныстық қатынас тұрақты әрі жақсы болады. «Женщина. Руководство для мужчин» кітабының авторлары жұп арасында өзін жалғыз сезіну болмайтынын жазады.
Қарым-қатынас адамның сыртқы келбетінің тартымдылығына ғана байланысты емес. Бірақ махаббаттың бастау алған негізі осы болса керек. Егер іргетас құласа, ғимарат бір орында тұрмайтыны секілді ер адам әйелін қаламаса, мұны да ескерусіз қалдыруға болмайды.
Фото ашық дереккөзден алынды.