-Әкесінің басқа отбасы, бала-шағасы бар. Ай сайын баласына су, булочка, печенье әкеліп, пенсиясын бір тиын қалдырмай сыпырып алып кетеді. Бұл бала әкесінің бір сағат жанында болып, жылы сөз естігеніне мәз болады. Ол кеткеннен кейін әкеме қоңырау шаламын , сөйлесемін деп бізден көмек сұрайды. Хабарластық. Мені мазаламаңдар, сендерге шағым жазамын деп айқайлап берді. Ал баласының есепшотына жәрдемақы түскенде Қарттар үйінің есігін қағады. Мұнда қариялардың балалары бар, бәрі зейнетақысын алып кетеді,-деп қызметкер күрсінді.-Жазира, анау қарт кісі жылап тұр. Ұлы мен келіні ме, қызы мен күйеу баласы ма, мына кісімен бір сағат сөйлесті. Екеуі мына атаның қолынан бір затты алғаннан кейін артына қайырылмай зытты. Ал ақсақал тапжылмай солар жаққа қарап, көзінен жасы төгіліп жатыр. Жүрегім ауырып кетті, -деп Қарттар үйінің сыртында осы оқиғаны көзбен көрген көлік жүргізуші Ринат аға . Қарт әкенің жылағаны жүрегін шымырлатқан болар. Өкінішті жағдай. Мүгедек баласының ақшасын алып, сөйлесуге уақыт таппаған әкенің аз-маз ақша үшін құлқынның құлы болып кеткеніне қаным қайнады. Әке-шешесін Қарттар үйіне өткізіп, сол жердегі ел-жұрттың көзінше шімірікпей зейнетақысын қалтасына сүңгітіп кететін мейірімсіз ұл-қыздары бұл жалғанда қалай алаңсыз жүр? Ең жақын адамдарының махаббатының құны зейнеткерлерге, мүгедектерге төленетін жәрдемақы, зейнетақының 30% екен. Ұятсыз, намыстан жұрдай масыл туыстары сол қаржы бөлінбесе тастанды әкесін, шешесін немесе баласын іздеп келе ме? Қарттар үйін паналаған ақ шашты аналар мен аталарымыздың 70% жуығы жалғызбасты емес. Біз неге қатыгез болып кеттік? Жазира БЕГАЛЫ, журналист. Facebook жазбасы. Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.
Әке-баласынан, бала-әкесінен безген қоғамға айналдық
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады12:00, 07 декабря 2025
46
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты13:29, 02 декабря 2025
33
-
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді15:59, 17 ноября 2025
89
-
Гүлзира Айдарбекованың көлігін 7 баласы бар ана ұтып алды18:30, 18 августа 2025
205
-
"Марат Жыланбаев қиын жағдайда": Бұл ақпарат қаншалықты рас?13:00, 18 августа 2025
389
-
Танымал боксшы қыз Пезиденттен көмек сұрады16:30, 11 августа 2025
244
-
Актриса, әнші Айгүл Иманбаева енесімен бірге ән салды15:30, 07 августа 2025
268
-
Сәбит Әбдіхалықов: Бүгін – өмірімнің келесі пердесі ашылған күн.11:00, 04 августа 2025
904
-
Президент Токаев почтил память Алии Молдагуловой в Актобе15:01, 25 июня 2025
599
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді
15:59, 17 ноября 2025
89
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады
12:00, 07 декабря 2025
46
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты
13:29, 02 декабря 2025
33
-