"Qazaqstan телеарнасының жаңа маусымдағы жобаларының бірі – "Жұлдызды жұп" бағдарламасының түсірілімі қарсаңында қатысушылар орналасатын қонақ үй нөмірін алдын ала рәсімдеуде қателік кеткен. Нақтырақ айтқанда, әнші Ақбота Керімбекова келіп түскен қонақ үйде оған арналған нөмір бос болмай шыққан. Ұйымдастырушылар тарапынан мәселе шешімі ретінде бірден өзге бірнеше қонақ үйден нөмір таңдау ұсынылды, бірақ әнші одан бас тартты. Ақбота Керімбекова мен ұлы Біржан Шалқар – бағдарламаның таңдаулы жұптарының бірі. "Жұлдызды жұп"– тек музыкалық шоу емес, отбасылық құндылық, ән өнеріндегі дәстүр жалғастығы мен сабақтастығын көрсетуге бағытталған жоба. Жобада дәстүрлі әндер де, танымал композиторлардың халық арасында кең танылған шығармалары да, заманауи эстрада әндері де орындалады. Бағдарламаның қатысушылары мен олардың репертуарын Корпорацияның Көркемдік кеңесі іріктеп, бекітеді. Динара Адам продакшн компанияда жоба кеңесшісі міндетін атқарады. Одан бөлек, бұл жобада 195 маман қызмет етеді. Бағдарлама продюсері арнаның бұған дейінгі "Егіз лебіз", "Дара бала" сияқты жобаларына жетекшілік еткен тәжірибелі маман Сандуғаш Рахымжанова. Qazaqstan телеарнасының музыкалық бағыттағы жобаларын өндіруші компаниялар арасындағы байқау ірі продакшндар арасында әр маусым сайын жарияланады. Отандық нарықта мұндай жобаларға маманданған шығармашылық ұжымдар көп емес. Qazaqstan телеарнасы мен арна көрермендері А.Керімбекова мен әншінің ұлы Біржан Шалқарды жобадан әрі қарай да көргісі келеді. "Жұлдызды жұп" жобасы әр сенбі 20:00-де тікелей эфирде шығады", – делінген Massaget.kz тілшісіне жауабында.Еске салайық, бұған дейін Ақбота Керімбекова Ұлттық арнаның басқарма төрайымы Ләззат Танысбайға үндеу жариялаған болатын. Әншінің үндеу жасауына "Жұлдызды жұп" атты жаңа жобаның дұрыс ұйымдастырылмауы және отандық телеарналардағы жобаны, тендерді жеңіп алудың түрлі жолдары мен мәселесі себеп болған. Әнші Ақорданы, тіпті Тоқаевты белгілеген.
Әнші Ақбота қонақ үйден орын болмағаны үшін жобадан кеткен бе?
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады12:00, 07 декабря 2025
46
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты13:29, 02 декабря 2025
33
-
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді15:59, 17 ноября 2025
89
-
Гүлзира Айдарбекованың көлігін 7 баласы бар ана ұтып алды18:30, 18 августа 2025
205
-
"Марат Жыланбаев қиын жағдайда": Бұл ақпарат қаншалықты рас?13:00, 18 августа 2025
389
-
Танымал боксшы қыз Пезиденттен көмек сұрады16:30, 11 августа 2025
244
-
Актриса, әнші Айгүл Иманбаева енесімен бірге ән салды15:30, 07 августа 2025
268
-
Сәбит Әбдіхалықов: Бүгін – өмірімнің келесі пердесі ашылған күн.11:00, 04 августа 2025
904
-
Президент Токаев почтил память Алии Молдагуловой в Актобе15:01, 25 июня 2025
599
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді
15:59, 17 ноября 2025
89
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады
12:00, 07 декабря 2025
46
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты
13:29, 02 декабря 2025
33
-