Алайда балаңыздың білімді болуы үшін сіз не істеп жатырсыз деген сауалға "баламның күнделікті сабағын жіті қадағалап, түсінбегендерін мұғаліміне хабарласып, анықтап, үйде қайта пысықтап отырамын. Баламның білімді болуына барлық жағдайды жасап қойғам. Мұғаліммен де тығыз байланыстамын. Үйде балама білімін шыңдауы үшін қосымша кітаптар оқытып, түрлі бағдарламалар көруін қадағалаймын" деген ата-ана таппадық.Егер сенсеңіздер, біз сөйлескен 23 ата-ананың 19-ы баласына үй тапсырмасын орындатумен ғана шектелетінін "тапсырмалары өте қиын. Үй тапсырмасын әрең орындатамыз. Оған қосымша кітап оқытуға уақыт қалмайды" деген сыңайда жауап берді. Ал қалған 4-уі тіпті үй тапсырмасын оқытып, баласымен қосымша жұмыс істеуге уақыттары жоғын алға тартты. Баланы мектепте - мұғалімі, үйде - ата-анасы қадағаламаса, не болары белгілі емес пе? Осыдан кейін әрине, баланы ақылы білім алуы үшін орталықтарға тасуға тура келеді. Енді осы мәселені мұғалімдердің тарапынан қарастырып көрейікші. Жұрттың құлағына құйып тастаған "сауатсыз мұғалім көп" деген жаңсақ пікірді шетке ысырып, шынайы проблемаларға көзді ашып қарасақ... Кез келген қаланың кез келген қазақ мектебінің есігін қағып көріңізші. Бір сыныпта 25-тен артық оқушы отырғанын көру қиын емес. Кей мектептерде бір сыныпта 30-40 оқушы сығылысып отырғанын көрсек, таңғалмайтын болғалы қашан. Үйде бір баламыздың сабағын қадағалап, оның білімді болуына күш-жігеріміз әрең жетеді. Ал 30-40 бала емес, тіпті 25 баланың түгел білім алуына жалғыз мұғалімнің күші қалай жетеді? 40 емес, осы 25 баланы ғана сөз етейікші. 25 бала, 25 түрлі отбасының мүшесі, 25 түрлі мінез, 25 түрлі қабілетке ие балалар. Осы 25 баланың бірі -ерке, бірі - жасық, бірі- епті, бірі - бос, бірі - шапшаң, бірі - тіпті екі сөздің басын құрауды білмейтін болуы әбден мүмкін. Ал енді ойлап қараңызшы, сан түрлі қасиетке ие осы балаларды білімді етудің тек бір ғана жолы бар. Бүкіл баланың миын ашып, сарылдатып тұрып "білім құю". Әрине, бұл мүмкін емес нәрсе. Олай болса, кінә мен күнәні мұғалімге артып, өзімізді солай ақтап алудың орнына, өз баламыздың болашағы үшін бар жағдайды неге жасамаймыз? Өзімізге артылған жауапкершілікті неге мұғалімге ысырамыз? Баланың білімді болуы - мұғалімнен бұрын ата-анаға керек емес пе, қалай ойлайсыз? Дайындаған - Әлия БОЛАТҚЫЗЫ. Фото көрнекілік үшін.
Баланы қосымша курста оқыту - мұғалімнің білімсіздігін білдіре ме?
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады12:00, 07 декабря 2025
42
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты13:29, 02 декабря 2025
29
-
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді15:59, 17 ноября 2025
85
-
Гүлзира Айдарбекованың көлігін 7 баласы бар ана ұтып алды18:30, 18 августа 2025
203
-
"Марат Жыланбаев қиын жағдайда": Бұл ақпарат қаншалықты рас?13:00, 18 августа 2025
387
-
Танымал боксшы қыз Пезиденттен көмек сұрады16:30, 11 августа 2025
241
-
Актриса, әнші Айгүл Иманбаева енесімен бірге ән салды15:30, 07 августа 2025
265
-
Сәбит Әбдіхалықов: Бүгін – өмірімнің келесі пердесі ашылған күн.11:00, 04 августа 2025
901
-
Президент Токаев почтил память Алии Молдагуловой в Актобе15:01, 25 июня 2025
598
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді
15:59, 17 ноября 2025
85
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады
12:00, 07 декабря 2025
42
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты
13:29, 02 декабря 2025
29
-