Алдымен дәлелденбеген әдістер мен дәрілік ем-дом. Аутизм – бұл дәрілермен емдейтін емес, түзетенін сырқат, тіпті сырқат деуге келмес, «денсаулық жағдайы» десек болады. Соған қарамастан өзбекстандық клиникалар дәрі-дәрмекпен емдеу әдістерін белсенді түрде жарнамалап келеді, алайда оның тиімділігі әлі ешқайда дәлелденбеген. Оның үстіне бұл жағдайды шешкені былай тұрсын, баланың жағдайын күрт нашарлатып жіберуі де мүмкін.Айтып отырған өзбекстандық клиникалар өздерін барынша жарнамалап қана қоймай, әлеуметтік желілер мен интернеттегі жағымсыз пікірлерді өшіріп, тек оң пікірлерді қалдырады екен. Соның кесіренен «ғажайып дәрілер» мен «санаулы күн ішінде аурудан айығу» сияқты жел сөзге көптеген ата-аналар сеніп қалып жатыр. Бұл өз кезегінде ата-ананың қалтасына қаржылық ауыртпалық салып, баланың денсаулығына да өз зиянын келтіреді Олар бір деммен балаға үлкен көлемде дәрілер мен инъекциялар сала бастайды, бұл бастапқыда «оң әсер» еткендей көрінгенімен, уақыт өте келе оның жағымсыз жанама әсерлері мен бала денсаулығына тигізіп жатқан зияны байқалады. Интернеттен бір ата-ананың пікірін көріп қалдым. Ол баласына күніне 5 екпе қойылатынын жазған, бұл деген айына жүздеген екпе. Осыдан кейін баланың ағзасы уланып қалмасына кім кепіл? Сондықтан тек ғылыми тұрғыдан дәлелденген әдістерге жүгінейік. Балаларымыз аман болсын. Ал баласының амандығы үшін күресіп жүрген ата-аналарға сәттілік пен шыдам тілеймін. Ата-аналардың қалай қиналатынын түсінемін, әркім-ақ баласының аман болғанын тілейді ғой. Бірақ баланы бір демнен емдеп жазатын ғажайып дәрі болғанда әлемде ауру адам қалмас еді ғой. Сондықтан өзбектер ұсынған ем-домға сене бермейік! Тоқтар ЖАҚАШ, журналист. Facebook жазбасы. Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.
Баласы науқас ата-ананың шарасыз жағдайынан ақша таппайық
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады12:00, 07 декабря 2025
45
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты13:29, 02 декабря 2025
31
-
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді15:59, 17 ноября 2025
87
-
Гүлзира Айдарбекованың көлігін 7 баласы бар ана ұтып алды18:30, 18 августа 2025
205
-
"Марат Жыланбаев қиын жағдайда": Бұл ақпарат қаншалықты рас?13:00, 18 августа 2025
388
-
Танымал боксшы қыз Пезиденттен көмек сұрады16:30, 11 августа 2025
243
-
Актриса, әнші Айгүл Иманбаева енесімен бірге ән салды15:30, 07 августа 2025
267
-
Сәбит Әбдіхалықов: Бүгін – өмірімнің келесі пердесі ашылған күн.11:00, 04 августа 2025
904
-
Президент Токаев почтил память Алии Молдагуловой в Актобе15:01, 25 июня 2025
599
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді
15:59, 17 ноября 2025
87
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады
12:00, 07 декабря 2025
45
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты
13:29, 02 декабря 2025
31
-