Халықпен тығыз жұмыс істеген соң бұндай балалардың жағдайымен көбірек жолығамын. Ең алғаш осыдан 6-7 жыл бұрын Маржан деген қыз жайлы да қатты шу болған кезде, бұл ауру жайлы екі үш ай зерттедім. Көптеген ғалымдардың зерттеулерін оқыдым. Біраз мамандардан кеңес алдым. Қоғамда резонанс болған соң, жындыханаға кіріп қыздың құжаттарымен, анасымен, дәрігерлермен сөйлесіп кішкентай кезінен емделген құжаттарын көрген соң, ол қыз сол жақта қалып ем алғаны дұрыс деген тұжырымға келгем.Сол кезде кейбір адамдар сол қызды жындыханаға мен апарып жатқызғандай шулады. Ал негізінде ол қыздың анасы үш жасынан бастап Алматы қаласында дәл осы диагнозбен емдеген . Шымкентке ол қыз өскен соң ауыстырылған. Бірақ қоғам шулады, анасын қаралады , дәрігерлердің қортындысына сенейік деген мені қарғап сіледі. Нәтижесінде оны асырап алған әнші де одан бас тартты. Кейде халыққа дұрыс жол көрсетсеңде жақпайсың, дұрыс па, бұрыс па зерттемейді де ауыздарына келгенді құса береді. Жанашырлыққой деулеріңіз мүмкін, кейде біреуді аяушылық, жанашырлық қоғамға қауіпті болуы әбден мұмкін. Лифтідегі баланың бетін пышақпен тілгілеген оқиға соған дәлел! Кешегі жағдайға ұқсас тағы бір оқиғаны айтып кетейін. Қарғандыда , кішкентай бала көршісіне пышақ тығып алған. Анасы жақында “бала үш жыл болды Алматыда ем алды, ал дәрігерлер жібермей жатыр. Шығаруға көмек беріңіз заңсыз ұстап отыр, оның есі дұрыс” деп хабарласты. Дәрігерлер жәйдан жәй ол баланы ұстамайды. Дәрігер мамандар жиналып қортынды бермесе ол қоғамға қауіпті дедім. Әрине ол кісі маған ренжіді. Кез келген анаға өзінің тоғыз ай көтерген баласы әппақ, бірақ мида ауытқуы бар баланы ұстау, оны қадағалап бақылау мүмкін емес. Қоғам кейде көп мәселені бір жақты қабылдап жатады, екінші жағын осылай оқыс жағдайлар болғанда ғана ойбайлап шулап жатады. Кез келген жағдайда нағыз сарапшы мамандардың пікіріне жүгінген жөн! Ал біздің депутаттар, ата-ана баласының ауытқуы бар екенін біліп, ауруын жасырып үйінде ұстаса қылмыстық жауапкершілікке тартатын заң шығару керек. Себебі бұндай аурумен ауыратында біздің елде көп! Айгүл ОРЫНБЕК, заңгер. Facebook жазбасы. Фото көрнекілік үшін.
"Баласының ауруын жасырған ата-ана жауапқа тартылуы керек" дейді заңгер
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады12:00, 07 декабря 2025
41
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты13:29, 02 декабря 2025
28
-
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді15:59, 17 ноября 2025
84
-
Гүлзира Айдарбекованың көлігін 7 баласы бар ана ұтып алды18:30, 18 августа 2025
202
-
"Марат Жыланбаев қиын жағдайда": Бұл ақпарат қаншалықты рас?13:00, 18 августа 2025
387
-
Танымал боксшы қыз Пезиденттен көмек сұрады16:30, 11 августа 2025
241
-
Актриса, әнші Айгүл Иманбаева енесімен бірге ән салды15:30, 07 августа 2025
264
-
Сәбит Әбдіхалықов: Бүгін – өмірімнің келесі пердесі ашылған күн.11:00, 04 августа 2025
901
-
Президент Токаев почтил память Алии Молдагуловой в Актобе15:01, 25 июня 2025
597
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді
15:59, 17 ноября 2025
84
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады
12:00, 07 декабря 2025
41
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты
13:29, 02 декабря 2025
28
-