Айта кету керек, Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» шығармасы қазақ әдебиетіне үлкен жаңалық болып енген туындылардың бірі. Бүгінде кітап нағыз бестселлерге айналып, қалың оқырманға 40 000 – нан астам данасы таралған. Қазақ әдебиетінде көркем шығарманың дәл осындай ауқымды көрсеткішпен таралуы айрықша құбылыс. Сонымен қатар бұл шығарма жеке автордан әлемдік Amazon платформасында және АҚШ-тағы танымал тарихи Barnes & Noble интернет-кітап дүкенінде, AppStore, Playmarket платформаларында сатылып жатқан тұңғыш кітап. Жуырда аталған туындының аудионұсқасы әйгілі Audiobooks платформасында жарық көргелі жатыр. Кітаптың башқұрт тіліндегі нұсқасы Башқұртстан Республикасында жылдың үздік прозасы ретінде танылды. Сонымен қатар шығарма қырғыз, өзбек тілдеріне аударылуда. Осылайша шығарма көркем әдеби туынды ретінде кең таралып, қалың оқырманның, оның ішінде орта Азия кітапсүйерлерінің сүйікті кітабына айналды.Шығарма Қазақстанның үш бірдей театрында сахналанып театр көрермендерінің де ықыласына бөленгенін де айта кеткен жөн. Барлық театрларда шығарманың әр қойылымы аншлагпен өтті. Танымал ақынның шынайы өмірден алынған балалық шақ жайлы шығармасы әуелі көркем әдебиетке айналып, бестселлерлер қатарынан көрінсе, кейіннен театр туындысы ретінде өз көрерменін тапты. Ал бүгінде танымал шығарма экранизацияланып, отандық кино әлеміне сапарын бастады. Сүйікті шығармаларын театрдан көрген көзі қарақты көрермен «Болмаған балалық шақты» енді ел кинотеатрларынан тамашаламақ. Дереккөзі: Жас Алаш сайты
«Болмаған балалық шақ» 27 ақпанда үлкен экранға жол тартпақ
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады12:00, 07 декабря 2025
46
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты13:29, 02 декабря 2025
33
-
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді15:59, 17 ноября 2025
89
-
Гүлзира Айдарбекованың көлігін 7 баласы бар ана ұтып алды18:30, 18 августа 2025
205
-
"Марат Жыланбаев қиын жағдайда": Бұл ақпарат қаншалықты рас?13:00, 18 августа 2025
389
-
Танымал боксшы қыз Пезиденттен көмек сұрады16:30, 11 августа 2025
244
-
Актриса, әнші Айгүл Иманбаева енесімен бірге ән салды15:30, 07 августа 2025
268
-
Сәбит Әбдіхалықов: Бүгін – өмірімнің келесі пердесі ашылған күн.11:00, 04 августа 2025
904
-
Президент Токаев почтил память Алии Молдагуловой в Актобе15:01, 25 июня 2025
599
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді
15:59, 17 ноября 2025
89
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады
12:00, 07 декабря 2025
46
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты
13:29, 02 декабря 2025
33
-