Жанын жегідей жеген дертін емес, елдің сөзін айтты. Өзі ерекше сүйген қазағының ертеңіне, мына алмағайып замандағы мемлекетінің болашағына қатысты ойларын жеткізді. Ара-тұра сәл кідіріп, терең тыныстап алып, туған елі туралы айтқан сөздерін ағаның бізге, кейінгі ұрпаққа қалдырып жатқан аманаты, өсиеті деп қабылдадым.Жанынан жібергісі келмесе де, «Жұмысың көп қой, жолыңнан қалма» деп, менің қамымды ойлап жатты. Ал, мен қанша қимасам да ағаның асыл жаны қиналып қалмасын деп, амалсыз кеттім. Шынымды айтсам, қоштасуға барғанымды біліп тұрғанмен, онымен қоштаса алмадым, дұрысы, қоштасқым келмеді. Әлі де жанымызда жүре тұрғанын қаладым. Біз, бір-екі аптадан кейін тағы да кездесіп, әңгімелесетін болып келістік. Бірақ, келесі кездесуді жазбапты... Қазақ руханияты үшін жаңа жыл оңай болған жоқ. Қаңтарда Мұхтар Мағауин, ақпанда Дулат Исабеков... алыптар ақырындап кетіп жатыр. Асқар таулардың қатары сиреп, тұтас дәуірлер көшіп жатыр. Қолдан келетін қайран жоқ, Алланың әміріне амал жоқ. Қазақтан сөз артылған ба? Өшпейтін өмір, сынбайтын темір жоқ. Дулат ағаның отбасына, жақындарына қайғыра көңіл айтамын! Ағамызға Алла иманның байлығын берсін! Жаны жәннатта, топырағы торқа болсын! Жаратушы иеміз қалған қазаққа ұзақ ғұмыр, берекет берсін! Бақұл болыңыз, асыл аға! Ерлан ҚАРИН, саясаттанушы. Facebook жазбасы. Фото автордың парақшасынан.
Дулат Исабеков соңғы сәтінде де елдің сөзін айтып еді...
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады12:00, 07 декабря 2025
42
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты13:29, 02 декабря 2025
29
-
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді15:59, 17 ноября 2025
85
-
Гүлзира Айдарбекованың көлігін 7 баласы бар ана ұтып алды18:30, 18 августа 2025
203
-
"Марат Жыланбаев қиын жағдайда": Бұл ақпарат қаншалықты рас?13:00, 18 августа 2025
387
-
Танымал боксшы қыз Пезиденттен көмек сұрады16:30, 11 августа 2025
241
-
Актриса, әнші Айгүл Иманбаева енесімен бірге ән салды15:30, 07 августа 2025
265
-
Сәбит Әбдіхалықов: Бүгін – өмірімнің келесі пердесі ашылған күн.11:00, 04 августа 2025
901
-
Президент Токаев почтил память Алии Молдагуловой в Актобе15:01, 25 июня 2025
598
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді
15:59, 17 ноября 2025
85
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады
12:00, 07 декабря 2025
42
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты
13:29, 02 декабря 2025
29
-