ҚР ҚК-нің 174-бабында көрсетілген жазаға сәйкес келетін, яғни ұлттық және дін араздығын қоздыратын материалдарды жоюды Мәдениет және ақпарат министрлігі былайша жүзеге асырады: министрлік құрамындағы Дін істері комитеті аталмыш материалдарға сараптама жасайды да, осы шешімді Ақпарат комитетіне береді, ал Ақпарат комитеті ксенофобиялық деп танылған материалдарды жоюға әрекеттенеді. Дегенмен, Ақпарат комитеті де осы жағдайда өзінің функциясын толық атқармай отыр.Министрлік құрамындағы Дін істері комитетінің ұстанымы тіпті біржақты, көбіне ҚМДБ-ға бұра тартады. Ақиқатында, Қазақстан заңдары бойынша діни салада бейтарап болуы тиіс Дін істері комитеті үнемі ҚМДБ-ға басымдық береді. Мұны біз жанама факторлардан да байқаймыз. Мысалы, министр А.Балаеваның орынбасары Қанат Ысқақов «дін мемлекеттен бөлек» деген тезисті бұзып, 26 желтоқсандағы балама кандидатсыз өткен мұсылмандар құрылтайында мүфтиятта реформа жасағысы келмейтін Наурызбай Өтпеновтің қайтадан 5 жылға бас мүфти болуын қадағалап отырды. Ал қазақстандықтар Наурызбай Өтпеновтің бас мүфти болған соңғы бес жылда ҚМДБ имамдары мен «ұстаздары» тарапынан неше түрлі заң бұзушылықтың өршіп кеткені жөнінде әлі де дабыл қағуда. Соған қарамай кеше ғана ҚМДБ өткізген тағы бір жиында Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов мүфтият қызметкерлерімен бірге жүр. Төменде жарияланған суретте Е.Нүкежановтың А.Балаева басқаратын министрліктің жауапты қызметкері емес, Бас мүфти Н.Өтпеновтің орынбасарындай әсер береді. Ал ҚМДБ имамдарының көзге ұрып тұрған христианофобиялық медиа материалдарында «заң бұзушылық жоқ» деп шешім берген Дін істері комитетінің ісін қалай тәпсірлейміз?!. Христиандар мен иудейлердің құқықтары ҚМДБ молдалары тарапынан өрескел бұзылғаны жөніндегі мыңдаған арыз халықаралық деңгейде дау туғызғанда осы олқы саясат үшін кім жауап береді?!. Бас мүфти Н.Өтпенов пе? Әрине, жоқ. «Дін мемлекеттен бөлек» деп жалт беретіннің бірі осы діндар емес пе... Қандай жағдай болмасын, ішкі және сыртқы саясатқа жауапты – ҚР Конституциясының кепілі – президент Қасым-Жомарт Тоқаев болып қала береді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты сақтаудың Қазақстан үшін әрдайым өзекті екеніне жіті назар аударып келеді. Ол 2023 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының 78-сессиясындағы мәлімдемесінде конфессияаралық келісім, ұлтаралық татулық Қазақстан үшін аса маңызға ие екенін айтқан және осы бағыт бойынша ішкі саясатта да қатаң позицияда екенін, дін араздығын қоздырушылармен аяусыз күрес жүргізетінін бірнеше мәрте мәлімдеген. Соны көріп-біліп отырған діни конфессиялар, атап айтқанда, христиандық және иудейлік дін өкілдері «бетегеден биік, жусаннан аласа» болып, тып-тыныш жүр. Олардан проблема туындаған емес. Ал ҚМДБ имамдары мен «ұстаздары» басқа дін өкілдеріне қарсы өшпенді уағызын тоқтатпай отыр. Осы салаға жауапты министрлік ҚМДБ-ның өрескел өшпенді әрекетін жасырып қалғысы келеді. Әйтпесе, Дін істері комитеті «барды – бар, жоқты – жоқ» деп әділ сараптама беретін еді ғой. Ал Ақпарат комитеті ксенофобиялық материалдарды уақыт созбай жоюға тиіс. Әлде бұл меморгандар Қазақстанның халықаралық дауға шатылғанын күтіп жүре бере ме?!! Ораз ӘЛІМБЕК, журналист. Facebook жазбасы. Фото көрнекілік үшін.
Дүмшелердің кесірінен Қазақстан екі оттың арасында қалмасын
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады12:00, 07 декабря 2025
46
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты13:29, 02 декабря 2025
33
-
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді15:59, 17 ноября 2025
89
-
Гүлзира Айдарбекованың көлігін 7 баласы бар ана ұтып алды18:30, 18 августа 2025
205
-
"Марат Жыланбаев қиын жағдайда": Бұл ақпарат қаншалықты рас?13:00, 18 августа 2025
389
-
Танымал боксшы қыз Пезиденттен көмек сұрады16:30, 11 августа 2025
244
-
Актриса, әнші Айгүл Иманбаева енесімен бірге ән салды15:30, 07 августа 2025
268
-
Сәбит Әбдіхалықов: Бүгін – өмірімнің келесі пердесі ашылған күн.11:00, 04 августа 2025
904
-
Президент Токаев почтил память Алии Молдагуловой в Актобе15:01, 25 июня 2025
599
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді
15:59, 17 ноября 2025
89
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады
12:00, 07 декабря 2025
46
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты
13:29, 02 декабря 2025
33
-