«Феминизмнің бірнеше ағымы бар. Өмірлік құндылығыма, қазіргі жасап жүрген зерттеуіме, жалпы менің қажетімді қанағаттандыратын ағым – бейотар феминизм. Феминизм тек қана АҚШ-та, Ұлыбританияда орта жастағы, орта тапқа жататын ақ әйелдердің шығарған идеясы емес. Қазақ әйелдері Нәзипа Құлжанова, Алма Оразбаев апаларымыз, Бопай ханым да әйел теңдігін өз заманында көтерген, қалың малмен, көп әйел алумен күрескен. Сол әжелеріміздің, апаларымыздың еңбегін жалғастыруды, соларды зерттеу миссиям деп білемін. Осы бағыттағы феминизм Қазақстанда әлі де өзекті деп санаймын. Сонымен қатар қазақ қыздары дегенде ойымызға бірден Әлия мен Мәншүк түседі. Сол апалардың ізін жалғастырушы болғандықтан өзімді бейотар феминист деп санаймын», — деді Әйгерім Құсайынқызы.Сондай-ақ, ол атышулы Қуандық Бишімбаев кейсі қазақ қоғамындағы әйелдерді бір сілкіндіріп алғанын атап өтті. «Қазақ қоғамында еркек адамды ақтауға, түсінуге, дәл еркектің ісіне келгенде гуманды болуға тырысамыз. Әйелге келгенде өте қаталмыз. Себебі тарихи солай қалыптасты. Ұлт тағдыры әйелдің мойнында болды: жауапкершілік, отбасыдағы бала тәрбиесін, күйбең тіршілікті әйелдің мойнына іліп қойған жазылмаған дала заңдары әлі де сақталып келе жатыр. Виктимлейминг – жәбірленушіні одан сайын кінәлау. Қазақша – жығылғанға жұдырық. Бізге өліп кеткен, қазір көзі де жоқ, өзі де жоқ адамды кінәлау оңай. Себебі ол бізге жауап бере алмайды, ол бізге «жоқ, олай болмады, былай болды» деп айта алмайды. Қазақстанда ғана емес, көптеген мемлекет тарихында, мәдениетінде, құқықтық санасында әйелді кінәлау басым. Әйел босанған кезінде өзін, карьерасы мен денсаулығын құрбандыққа шалады. Ол да құрбандық. Әйел тұрмысқа шыққан кезде танымайтын отбасының үйіне барып, бір шаңырақта тұрады. Ол да құрбандық. Бүкіл қыздың тағдыры өзін құрбандыққа шалу мен өзінің бала күнгі арманын, өзінің қалауын екінші орынға қоюмен байланысты. Сол үшін виктимблеймингпен күресуіміз керек, айтуымыз керек. Біз көп жағдайда әйелді мүлдем тыңдамаймыз. Әйелдің сыртынан еркектер сөйлеп, өз тәжірибесін бөлісетін кейстер бар. Тарихи және әлеуметтік әділетсіздіктермен қалыптасып қалған санамыздағы стереотиптермен күресе отырып, әйелді түсінуге тырысуымыз қажет», — деп қосты ол. Фото интернеттен алынды.
"Еркекті жақтап, әйелге келгенде қаталдық танытамыз" дейді Әйгерім Құсайынқызы
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады12:00, 07 декабря 2025
42
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты13:29, 02 декабря 2025
29
-
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді15:59, 17 ноября 2025
85
-
Гүлзира Айдарбекованың көлігін 7 баласы бар ана ұтып алды18:30, 18 августа 2025
203
-
"Марат Жыланбаев қиын жағдайда": Бұл ақпарат қаншалықты рас?13:00, 18 августа 2025
387
-
Танымал боксшы қыз Пезиденттен көмек сұрады16:30, 11 августа 2025
241
-
Актриса, әнші Айгүл Иманбаева енесімен бірге ән салды15:30, 07 августа 2025
265
-
Сәбит Әбдіхалықов: Бүгін – өмірімнің келесі пердесі ашылған күн.11:00, 04 августа 2025
901
-
Президент Токаев почтил память Алии Молдагуловой в Актобе15:01, 25 июня 2025
598
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді
15:59, 17 ноября 2025
85
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады
12:00, 07 декабря 2025
42
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты
13:29, 02 декабря 2025
29
-