Кейін Сағат аға пленканы алдыртып,жары Шәрбану Бейсенова апайға аманаттайды. Рубикжан ағам бұл жағдайды тіс жарып айтқан емес. Тек, 1996 жылы Желтоқсан көтерілісінің он жылдығына журналист Ұлболсын Айтөленова апай "Желтоқсан және тәуелсідік" деген бағдарлама жасап, Сағат аға туралы сұхбат алуға барғанда, Шәрбану Бейсенова апай сол пленка туралы, бұл материалдың артынан комитет қызметкерлерінің не үшін аңдығаны туралы айтады.Әңгіме барысында Рабат ағаның аты аталған соң, Ұлболсын Айтөленова апай Рабат ағадан сұхбат алып отырып: "Сіз кім түсіргенін білесіз бе?"-дегенде өзінің әріптесі Рубикжан Яхин екенін айтқанда бір редакцияда қызмет жасап, он жыл бойы Рубикжанның тіс жармағанына таң қалады. Осы бағдарламада Сағат Әшімбаев ағаның аманатына адал болып, материалды үйінде тығып ұстаған Шәрбану Бейсенова апай, ағаш түбіне тығып аман алып қалған Рабат Жәнібеков ағай, бір мемлекеттің бодандықтан бостандыққа талпынған Бейбіт жастар шеруін түсірген ағам Рубикжан Яхин да сұхбат береді. Сонда ғана он жыл өткенде ағамның ерлігін естідім. Иә,тапсырма берілсе әркімде камера алып, оқиғаны таспалайды. Бірақ орталық эфирдан, газеттерде Қазақстанда маскүнем-наркомандар алаңға шығыпты деп хабарлап жатқанда, ешқандайда басбұзарлар, бұзақылар емес екендігін дәлелдейтін түсірілген материалдың жартысын кесіп алып, тығып қою әркімнің қолынан келетін шаруа емес деп ойлаймын. Сондықтан да комитет адамдары осы пленканың артынан қудалады. Және де ол жерде таспаланған талай қазақ жастары осы материалдың кесіліп алып қалуының арқасында қудалаудан аман қалды. Мен Сағат Әшімбаев ағаның дер кезінде берген тапсырмасы, ағам Рубикжан Яхиннің алаңдағы бейбіт жастар шеруін түсіріп алып, жартысын кесіп тығып қалуы, оны Рабат Жәнібеков ағаның жерге көміп қоюуы, Шәрбану Бейсенова апайдың жарының аманатын орындап, үйінде пленканы тығып қою ерлік деп есептеймін. Қазір эфирдан беріліп жүрген желтоқсан көтерілісіне байланысты материалдарды көріп тарихта шындық видеоматериалдың қалғанына қуанамын. Қуанамын да қынжыламын ....Қынжылатын себебім ертең ұмыт болып қалады деп ойлаймын. Барлық желтоқсаншылар қатарында бұл тарихи оқиғаның, бір мемлекеттің бодандықтан бостандыққа талпынған Бейбіт шеруінің таспасының қалай аман қалғанын " Қазақстан тарихы" пәніне енгізу керек!!! Себебі, ол ерлік!!!"Қазақстан "Ұлттық телеарнасында жаңалықтар бөлімінде, Жастар, Мұрагер, музыкалық,спорт, "Таңшолпан" редакцияларында, Хабар, Спорт, Жетісу арналарында бас режиссер қызметтерін атқарған Рубикжан Яхин ағам 2014 жылы 23 шілдеде кезекті түсірілімнен кейін, ауыр науқастан атақ-дәрежесіз 59 жасында қайтыс болды. Сағат Әшімбаев,Рабат Жәнібеков ағаларда дүниеден озды. Жандары жәннатта болсын!!! Зулхаят МАХАНОВА. Ақпарат және фото әлеуметтік желіден.
Желтоқсан - 1986: Кесілген таспадағы шындық пен сұмдық
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады12:00, 07 декабря 2025
46
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты13:29, 02 декабря 2025
33
-
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді15:59, 17 ноября 2025
89
-
Гүлзира Айдарбекованың көлігін 7 баласы бар ана ұтып алды18:30, 18 августа 2025
205
-
"Марат Жыланбаев қиын жағдайда": Бұл ақпарат қаншалықты рас?13:00, 18 августа 2025
389
-
Танымал боксшы қыз Пезиденттен көмек сұрады16:30, 11 августа 2025
244
-
Актриса, әнші Айгүл Иманбаева енесімен бірге ән салды15:30, 07 августа 2025
268
-
Сәбит Әбдіхалықов: Бүгін – өмірімнің келесі пердесі ашылған күн.11:00, 04 августа 2025
904
-
Президент Токаев почтил память Алии Молдагуловой в Актобе15:01, 25 июня 2025
599
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді
15:59, 17 ноября 2025
89
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады
12:00, 07 декабря 2025
46
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты
13:29, 02 декабря 2025
33
-