МӘМС туралы заң жобасы Мәжіліске алғаш келгенде, негізгі мазмұны - бюджетке салмақты азайту болды. Яғни мемлекет кепілдендірілген медициналық көмекті қысқартпақ, ал қаржылық жүктемені жұмыскерлер мен бизнес өзі жалақыларынан төлесін деген ұсыныс келді. Біз, депутаттар, небәрі 1,5 ай ішінде нақты, пайдалы өзгерістер енгіздік. Бұл — жай формальді баптар емес, күнделікті өмірге әсер ететін шешімдер.Аймағамбетов бұл өзгерістердің Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес іске асқанын атап өтіп, бұл реформалар жүйені кезең-кезеңімен жақсартуға ықпал ететініне сенім білдірді.Бұрын 2–3 ай жарна төлемесең — бірден “сақтандырылмағансың”. Сосын емхана қабылдамайтын. Мысалы, мұғалім 5 жыл үзбей жарна төлейді. Жазда демалыстары бірнеше ай болғаннан кейін бухгалтериясы бірнеше айға бір төлеммен жарнасын аударады да, сосын Қорға үш ай бойы ақша түспеді деп олар МӘМС-тен түсіп қалатын. Сосын тамызда емханаға барса - “сіз жүйеде жоқсыз” дейтін. Енді бұлай болмайды. Егер адам бірнеше жыл бойы тұрақты төлем жасап жүрсе - сосын жұмыстан айырылып, 6 айға дейін жарна төлемесе де, бухгалтериясы кешіктіріп төлесе де, мәртебесі сақталады. Яғни емхана мен ауруханаға баруға құқығы бар. Бұл — мұғалімдерге де, басқа жұмыс істейтін азаматтарға да үлкен жеңілдік.
- Жұмыссыз қалсаң — емханадан айырылмайсың
Бұрын көз мүйізгек қабығын ауыстыру секілді операциялар тек мемлекеттік ауруханада ғана жасалатын. Заңда осындай шектеу болды. Енді оны лицензиясы бар жеке клиникада да жасатуға болады. Демек таңдау көп, кезек аз, көмек тезірек көрсетіледі.
- Күрделі көз операциялары - енді жеке клиникада да жасалады
Біз қорғаған ең маңызды нәрсе — алғашқы медициналық көмекті бәріне қолжетімді ету. МӘМС жарнасы болмаса да: поликлиникаға баруға, негізгі анализ тапсыруға, ЭКГ, УЗИ өтуге, әлеуметтік маңызды аурулар бойынша ем алуға (туберкулез, ВИЧ, онко), дәрігер кеңесін алуға құқығы бар. Бұл міне, Президенттің тапсырмасына сай, оны қамтамасыз ететін, маңызды шешім болды.
- МӘМС болмаса да - алғашқы көмек көрсету сақталды
Бұрын клиникалар мен қор қайда, неге ақша жұмсады - білмейтінбіз. Енді: – МӘМС қоры, – ақша алатын барлық клиникалар есеп беруге міндетті: қанша алды, неге жұмсады.
- Ақша қайда кетті - ашық болады
Бастапқыда ұсыныс - МӘМСке төлем жасағанда жарнаның шегі 50 ЕТЖ болсын деген. Бұл — жұмыскерлерге де, бизнеске де ауыр болар еді. МӘМС-ке жарна деген ол салық емес қой. Сондықтан жарнаны біз: – жұмыс беруші үшін шекті 40 АЕК-ке, – қызметкер үшін 20 АЕК-ке дейін түсірдік.
- Артық жүктемеден қорғадық
Енді: – Медбақылау комитеті рұқсатсыз жұмыс істеп жатқан клиникаға шұғыл әрекет етеді; – Министр өзі тексеру тағайындай алады — егер қоғамда резонанс туса немесе шағым түссе. Бұрын бұл үшін көп қағаз, уақыт керек еді. Енді бұл шапшаң болуы керек. Бәрі бірден шешілмейді. Бірақ бұл — нақты, өмірге әсер ететін қадамдар. Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне МӘМС жүйесіндегі түйткілдерді шешуді бірнеше рет тапсырған болатын. Үмітіміз — бұл мәселелер кезең-кезеңімен реттеліп, тиімді жүйе қалыптасады, - деп жазды халық қалаулысы.
- Заңсыз емхана — бірден тексеріледі
МӘМС бойынша заңға өзгерістер енгізілді
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады12:00, 07 декабря 2025
46
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты13:29, 02 декабря 2025
33
-
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді15:59, 17 ноября 2025
89
-
Гүлзира Айдарбекованың көлігін 7 баласы бар ана ұтып алды18:30, 18 августа 2025
205
-
"Марат Жыланбаев қиын жағдайда": Бұл ақпарат қаншалықты рас?13:00, 18 августа 2025
389
-
Танымал боксшы қыз Пезиденттен көмек сұрады16:30, 11 августа 2025
244
-
Актриса, әнші Айгүл Иманбаева енесімен бірге ән салды15:30, 07 августа 2025
268
-
Сәбит Әбдіхалықов: Бүгін – өмірімнің келесі пердесі ашылған күн.11:00, 04 августа 2025
904
-
Президент Токаев почтил память Алии Молдагуловой в Актобе15:01, 25 июня 2025
599
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді
15:59, 17 ноября 2025
89
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады
12:00, 07 декабря 2025
46
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты
13:29, 02 декабря 2025
33
-