Осындайлардан қорғану үшін мүфтияттың мәртебесін көтеру керегін айтқан Қуат Қабдолла осы пікірін: “Қарасақ, елімізде қанша діни конфессиялар бар болса да, Мүфтияттан басқасының бәрі сырттан басқарылады. Сондықтан, осы қара шаңырағымыздың маңызын, рөлін арттыратын кез келді. Зайырлы мемлекет Түркияның өзі мешіттерді қамқорлығына алып, имамдарды еңбекақымен қамтамасыз еткен. Әлбетте, ол жерде, сонау Османиядан бері үрдіс алған уақып қорлары да жақсы дамыған. Сол себепті, Түркия Діни басқармасы бюджетінің жетпіс пайызы “Уақып” қорына тиесілі. Осы орайда, Жаңа Қазақстан болып жатқан кезеңде “Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы” заңды қайта қарастыру қажет деп ойлаймыз. Атап айтсақ, елдің, Қазақстан мұсылмандарының тұтастығы үшін Мүфтият рөлін күшейтіп, ерекше заңмен қорғалуын қолға алу керек. Кешегі Алаш мемлекетінің алдыға қойған бес бағдарламасының бірі – дін болатын. Қазақ халқы қазақ болып тұруы үшін тілі, діні, дәстүрі сақталу қажет”, - деп түйіндейді.Біріншіден, қазіргі кезде дінге шүйлігу жағдайы неге көбейгенін зерттеп, анықтап алмаған автор бәлкім әлеуметтік желіні парақтамайтын болса керек. Қуат Қабдолла мырза, интернеттегі бүкіл әлеуметтік желіні шолып шығыңызшы. Мүфтият имамдарының жұртқа не деп уағыз айтып жүргенін көріп, білер едіңіз. “Қазақтың 70 пайыз сөзі - арабтыкі”, “намаз оқымағаның үшін ақша төле”, “қыздың 9 жасы- балиғат жасы”, “мектепте оқушы хиджаб кисін”... осындай және мұнан да сорақы уағыздарды айтып, әлеуметтік желіде сарнаған имам-уағызшылар жұрттың дінге деген құрметін жойды. Дінге қазір тәңіршілер ғана емес, кез келген көзі ашық, сауатты кісі шүйлігетін жағдайға жеттік. Келесі бір себебі - имандылықтың үлгісі болуға тиіс молдаларға қатысты ұятты, масқара жағдайлар жиіледі. Бала, әйел зорлау, ішімдікпен ұсталу, ақша ұрлау, талақ тастау сынды оқиғалар мүфтият молдаларының абыройын айрандай төкті. “Дінге шүйлікті” деп жұртқа кінә артпай, әуелі ниқаб, хиджабтағы қыз-келіншектер мен сәлделі имам-молдалардың әрекеттеріне назар салған жөн. Дін жолында жүрген кісінің әдепсіз әрекетін көрген кез келген қазақ “демек, бұл дін осыны үйретеді екен” деп ой түйіп, "олай болса, мұндай діннің қазаққа қажеті бар ма?" деген пайым шығады. Екіншіден, мүфтияттың мәртебесін көтеруді айтыпты автор. “Абыройы айрандай төгілді” деген сөз бар қазақта. Төгілген айранды ыдысқа қайта құйып алу мүмкін бе? Мүфтияттың қазіргі абырой, мәртебесіне қатысты осы “төгілген айран” мысалы жеткілікті болар. Абырой, мәртебе - базардан сатып алатын шапан емес. Абырой мен мәртебеге ие болу үшін, соған сай әрекет ету керек. Үшіншіден, түсінгеніміз, автордың ең негізгі айтпақ болғаны осы соңғы абзацта берілген сыңайлы. Алыстан орағытып, Түркияны мысалға ала отырып, түріктер имамдарға жалақы төлейтінін, арнайы қордан дінге ақша бөлінетінін алға тартады. Бұл сөздің астарында не жатыр? Біздегі мүфтиятқа да ел қазынасынан арнайы ақша бөлдіріп, қоғамдағы діннің қауқарын қаржылай күшейту керек пе? Дін туралы заңды қайта қарау мәселесі неден шықты? Осы екі мәселе нендей қажеттіліктен туындап отыр? Мүфтиятқа әр қазақстандық төлеген салығынан жырып қандай қызметі үшін ақша төлеуі керек? Әлеуметтік желіде қазақты ұлттығынан айыруға бағытталған уағыз айтып, сарнаған имам-молдалары үшін бе? Әлде “менің дінімде болмасаң,кәпірсің!” деп едіреңдеген дүмшелері үшін бе? Діннен тұтас мемлекетке, халыққа келетін пайда бар ма? Бар болса, қандай пайда? Соңғы 30 жылда діннің өркендеп, қанат жаюынан көрген қандай пайдамызды тізіп айта аламыз? Қара ниқабқа оранған қыздарымыз бен шоқша сақалы ербеңдеп, қысқа балағы далақтаған, агрессивті, қарғысшыл қауымды діннің үлгісі деп көрсетіп, мақтанайық па? Әлде тәуелсіз ел тарихындағы әр аймақта діншілдер жасаған лаңкестік оқиғалар мен Сирияға джихадқа аттанған жастарымызды төбемізге қойып, мақтанайық па? Қазақты қазаққа жау еткенімен қоймай, бір ғана Ислам дінінің өзі іштей қаншама тармаққа бөлініп, ырың-жырыңы шығып жатыр. Сенбесеңіз, ТикТоктың тікелей эфирлерін қарап шығыңыз. “Ақида”, “муджахит”, “муртад”, “мүшрик” дей ме, адам түсінбейтін сөздер мен біз танымайтын түрлі ғұламалардың кітаптары үшін таласып, тартысқан қауымды көресіз. Мүфтият өз міндетін дұрыс атқарып отырса, жұмысын істеп отырса, мықты болса, бекітілген Ханафи мазхабының бұл елде қатаң сақталуын қадағалайтын еді ғой?! Түк бітірмей отырған діни ұйымға халықтың аузынан жырып, ақша беру - қарапайым халыққа жасалған қиянат емес пе? Дін туралы заңды қайта қарастыру туралы ұсыныстың астарында не жатқанын бесіктегі бала да түсінер. Қорыта айтқанда, Қазақстанда Ислам дінінің ықпалын күшейтіп, түптеп келгенде билікке қол жеткізуді көксеу - сауатсыздық. Аз да болса, тарихи, саяси, құқықтық сауаты бар кісі Қазақстанның діни мемлекет болмайтынын түсінуге тиіс деп санаймыз. Дайындаған - Мәриям КЕНЕСАРЫ. Democrat.kz. Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.
Мүфтияттың мәртебесі мен абыройын түсіріп отырған кім?
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады12:00, 07 декабря 2025
46
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты13:29, 02 декабря 2025
33
-
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді15:59, 17 ноября 2025
89
-
Гүлзира Айдарбекованың көлігін 7 баласы бар ана ұтып алды18:30, 18 августа 2025
205
-
"Марат Жыланбаев қиын жағдайда": Бұл ақпарат қаншалықты рас?13:00, 18 августа 2025
389
-
Танымал боксшы қыз Пезиденттен көмек сұрады16:30, 11 августа 2025
244
-
Актриса, әнші Айгүл Иманбаева енесімен бірге ән салды15:30, 07 августа 2025
268
-
Сәбит Әбдіхалықов: Бүгін – өмірімнің келесі пердесі ашылған күн.11:00, 04 августа 2025
904
-
Президент Токаев почтил память Алии Молдагуловой в Актобе15:01, 25 июня 2025
599
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді
15:59, 17 ноября 2025
89
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады
12:00, 07 декабря 2025
46
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты
13:29, 02 декабря 2025
33
-