Олар: мемлекеттік, ұлттық және кәсіби мерекелерге арналған сыйақы; баспана сатып алу мен кеңейтуге жеңілдікпен несие беру; медициналық қызмет көрсету; жыл сайын шипажайларға 2 500 жолдама; ӨМГ қызметкерлерінің шамамен 4 500 баласы балалар-сауықтыру лагеріне жіберіледі; ай сайын балабақша ақысы өтеледі; жұмысшы балаларының оқу үлгеріміне қарай жоғары оқу орындарында оқыту үшін қаражат көзделген.Осының бәрі ай сайынғы төлемдермен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ үйлену және т.б. үшін жеңілдіктер бар. Ал осының қайсысы тақияға тар келіп отыр енді? Міне, қазір «Өзенмұнайгаз» өндірістік жоспардан артта қалды. Әрине, мұндайда мақсаттарды орындамау кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер етеді. Осыған орай, бұрғылау жұмыстары басқармасының жұмысшыларын жұмысқа шығару талап етіліп отыр. Сондай-ақ ел заңдарын сақтау қажеттігі ескертілді. Бір қызығы, қазір чаттарды Жаңаөзендегі ереуілшілердің алдына барған «ӨзенМұнайГаз» АҚ бас директоры Жанболат Саймағамбетовтің «былапыт сөз айтқаны» шарлап жүр. Бірақ бүгінде жұрттың көзі – ашық, көкірегі – ояу. Ондай арандатушылықтан әбден мезі болғанымыз рас. Неге десеңіз, ұзақ видеоның ішінен шөкімдей бір сөзді «көзір» ретінде ұстап алу оңай. Тек сол төңіректе қоғамдық пікір қалыптастыра салып, кез келген адамның деңгей-дәрежесін табан астына таптау – бір пәсте. Бірақ ондай арандатушылыққа қатысты да арнаулы заң бар. Сондықтан қазір технология дамыған, жұрттың көзі ашық заманда біреуді зор, екіншісін қор қылуға тырысудың қажеті шамалы. Әйтпесе, Жанболат Саймағамбетов дегеніңіз – Жаңаөзеннің байырғы тұрғыны. Жасынан сондағы өндіріске араласып, ӨМГ бас директоры қызметіне дейін табан ақы, маңдай терімен жеткен кәсіби маман еді ғой?.. Қорыта айтқанда, бұл – өңірдегі бірінші дау-дамай емес. Тіпті, жергілікті жұмысшылардың соған әбден еті үйреніп кеткендей. Мұндайда қит етсе көшеге жинала қоюға емес, басшылықпен қалайда кеңсе ішінде, тып-тыныш ашық диалогқа келуге тырысқан жөн болар. Қазір талапты далада айқайлап тұрып айту заманы келмеске кеткен ғой. Сабыр сақтайық, ағайын! Еркеғали БЕЙСЕНОВ, журналист. Facebook жазбасы. Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.
Мұнайшылардың бұл жолғы ереуілі - шектен шығып кетпеді ме?
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады12:00, 07 декабря 2025
46
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты13:29, 02 декабря 2025
33
-
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді15:59, 17 ноября 2025
89
-
Гүлзира Айдарбекованың көлігін 7 баласы бар ана ұтып алды18:30, 18 августа 2025
205
-
"Марат Жыланбаев қиын жағдайда": Бұл ақпарат қаншалықты рас?13:00, 18 августа 2025
389
-
Танымал боксшы қыз Пезиденттен көмек сұрады16:30, 11 августа 2025
244
-
Актриса, әнші Айгүл Иманбаева енесімен бірге ән салды15:30, 07 августа 2025
268
-
Сәбит Әбдіхалықов: Бүгін – өмірімнің келесі пердесі ашылған күн.11:00, 04 августа 2025
904
-
Президент Токаев почтил память Алии Молдагуловой в Актобе15:01, 25 июня 2025
599
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді
15:59, 17 ноября 2025
89
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады
12:00, 07 декабря 2025
46
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты
13:29, 02 декабря 2025
33
-