"Өкінішке қарай, жат ағым өкілдері "мен ханафимін" деп өзіміздің дәстүрлі исламды ұстанатын қыздарды некесіне алып, алдап жатқан көрінеді. Мұндай біраз жағдайлар кездесті. Сондықтан қарындастарымызға айтатыным, жігітті жақсылап тану керек, сұрастыру керек. Ханафимін деп өтірік айтып, оның жат ағымнан болып шығуы әбден мүмкін. Ханафимін деген сөзіне сеніп қалмау керек. Оның сенімін сұрау керек. Сенімде, ақидада, таухидта қандай мәзхабты ұстанасың? "Мен құран сүннетпен жүрем" деп қана қоя салса, оның жауабы күмәнді. Ол нақты айту керек: ол Ашғари не Мәтуриди деп айтуы керек. Бұлар біздің ата-бабаларымыз ұстанып келген сенім мектептері", - дейді "Шариғат және Пәтуа" бөлімінің маманы.Елбек Тасболатұлы жат ағымдағы адамды көрсететін бірнеше белгіні атады. "Одан бөлек адамның жат ағымда екенін шолақ балақпен, ұзын сақалмен білінеді деп те айтылып жатыр. Бұл әрқашан емес, бірақ көбінесе шынымен де солай болады. Сосын оның намаз оқу үлгілері ханафи мәзхабына сай болмайды. Мысалы, қайта-қайта қол көтеруі мүмкін. Намаздан кейін құран оқығанда тұрып кетуі мүмкін, бет сипамауы мүмкін. Осындай белгілері бар. Оны адам өзі ажырата алмаса, имамға келіп, мәселені сұрап алғаны жөн болады. Әсіресе тұрмысқа шығып жатқан кезде өте сақ болу керек. Бұған немқұрайлы қарамау керек. Қазір намаз оқығанның бәрі бірдей емес. Соны түсіну керек", - деп ескертті маман. Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.
"Намаз оқығанның бәрі бірдей емес" дейді ҚМБД өкілі
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады12:00, 07 декабря 2025
46
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты13:29, 02 декабря 2025
33
-
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді15:59, 17 ноября 2025
89
-
Гүлзира Айдарбекованың көлігін 7 баласы бар ана ұтып алды18:30, 18 августа 2025
205
-
"Марат Жыланбаев қиын жағдайда": Бұл ақпарат қаншалықты рас?13:00, 18 августа 2025
389
-
Танымал боксшы қыз Пезиденттен көмек сұрады16:30, 11 августа 2025
244
-
Актриса, әнші Айгүл Иманбаева енесімен бірге ән салды15:30, 07 августа 2025
268
-
Сәбит Әбдіхалықов: Бүгін – өмірімнің келесі пердесі ашылған күн.11:00, 04 августа 2025
904
-
Президент Токаев почтил память Алии Молдагуловой в Актобе15:01, 25 июня 2025
599
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді
15:59, 17 ноября 2025
89
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады
12:00, 07 декабря 2025
46
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты
13:29, 02 декабря 2025
33
-