«Ауылды дамыту, нәтижелі жұмыспен қамтуды ынталандыру, сапалы әлеуметтік инфрақұрылым құру – Үкіметтің басым міндеттерінің бірі. Осы бағытта біз кәсіпкерлердің барлық бастамасын қолдаймыз. Егер Қазақстандағы әрбір ауылда осы жерде бизнес ашатындар тарапынан жауапты қолдауға ие болса, халықтың тұрмыс сапасы да анағұрлым серпінді түрде жақсарады», — деп атап өткен Олжас Бектенов Бесарық ауылын дамыту тәжірибесін одан әрі кеңейту қажеттігіне тоқталды.Қызылордада Премьер-министр бүгінде 200 жұмыс орны ашылған «Жан Арай» ЖШС агроөнеркәсіп кешенінің өндірістік орындарын аралады. Кәсіпорын күріш, құрама жем өндірумен, жемістер мен көкөністерді өңдеу және сақтаумен айналысады. Мұнда қуаты тәулігіне 80 тонна құрама жем өндіруге жететін және тәулігіне 150 тонна күріш өңдей алатын екі зауыт жұмыс істейді. Сонымен қатар сыйымдылығы 1,5 мың тонна болатын көкөніс қоймасы бар, бұл маусымаралық кезеңде әлеуметтік маңызы бар өнімдерге бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кешен өнімдері Қазақстанда сатылады және Түркия, Ирак, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Беларусь және басқа да алыс-жақын шетелдерге экспортталады. Олжас Бектенов облыс орталығында балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру бағытында атқарылып жатқан шаралармен танысты. Жеке инвестиция есебінен салынған жаңа Оқушылар сарайы биыл қазан айында пайдалануға берілді. Жобаның құны – 2,4 млрд теңгені құрайды. 350 адамға дейін сыятын әлеуметтік нысан әртүрлі жастағы оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал ететін, гидропоника, робототехника, өнеркәсіптік дизайн, телестудия сынды басқа да жаңа жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда Премьер-министрге Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы шеңберінде Қызылорда облысында кәсіптік-техникалық білім беру және кадрлар даярлау жүйесін трансформациялау бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы ақпарат берілді. Өңірде 28 колледж жұмыс істейді, онда бүгінде 20 мыңнан астам студент білім алып жатыр, оның 5 мыңға жуығы жұмысшы мамандықтары бойынша оқиды. 2024-2025 оқу жылында облыстың барлық аудандарында 7 оқу-өндірістік комбинаты ашылды. Қысқамерзімді кәсіптік оқыту курстары 300-ге жуық адамды қамтыды. Алғашқы комбинат 2022 жылы қалалық мектеп-лицей базасында ашылған. Аспаз, тігінші, графикалық дизайнер және басқа да сұранысқа ие мамандықтар бойынша 164 маман бітірді. Алдағы уақытта тәжірибені кеңейту жоспарланып отыр.
Олжас Бектенов Қызылорда облысында Президенттің жұмыспен қамту және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады12:00, 07 декабря 2025
45
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты13:29, 02 декабря 2025
32
-
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді15:59, 17 ноября 2025
87
-
Гүлзира Айдарбекованың көлігін 7 баласы бар ана ұтып алды18:30, 18 августа 2025
205
-
"Марат Жыланбаев қиын жағдайда": Бұл ақпарат қаншалықты рас?13:00, 18 августа 2025
388
-
Танымал боксшы қыз Пезиденттен көмек сұрады16:30, 11 августа 2025
243
-
Актриса, әнші Айгүл Иманбаева енесімен бірге ән салды15:30, 07 августа 2025
267
-
Сәбит Әбдіхалықов: Бүгін – өмірімнің келесі пердесі ашылған күн.11:00, 04 августа 2025
904
-
Президент Токаев почтил память Алии Молдагуловой в Актобе15:01, 25 июня 2025
599
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді
15:59, 17 ноября 2025
87
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады
12:00, 07 декабря 2025
45
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты
13:29, 02 декабря 2025
32
-