- Мектепке бала сыймай жатыр не істейміз? - Сабақ уақытын қысқартып үш ауысымды жасаңдар! - 45 минутты 40 минутқа түсірдік. Мәселе «шешілді». - Бүгін мереке ғой. Не істейміз? - Бір екі сабақты қысқарта салыңдар. - Балалардың сабағы біткенше түн болып кетіп жатыр, не істейміз? - Сабақ уақытын қысқарта салыңдар! - 40 минутты 30 минутқа түсірдік. Мәселе шешілді. - Міне, мәселенің шешу жолын тауып үйреніңдер. Жоқ жерден проблема туындатпай.Көп жерде мәселенің шешу жолы осылай қалыптасты. Қазір кей мектептің бір академиялық сағаты 45 минут, кей мектепте 40 минут. Енді мына сағаттың жылжығанымен 30 минуттық ете салайық деген ұсынысты көріп кәдімгідей шошып отырмын. Бұл педагогикалық ұстаным, педагогикалық заңдылық қайда? Өткенде неге 40 минут деген сұрағыма біреу 5 минуттың не ары берісі бар, оқитын бала 15 минутта да оқиды депті. Ех, сөйтіп оқу жылын да кесіп тастап едік. Айналайындар, оқу бағдарламасы жоспарланғанда әр сабақ 45 минутқа лайықталады. Әр сабақтың салмағы, жүгі 45 минутқа арналады. Мұғалім үшін 5 минут түгілі 5 секунд та қадірлі һәм қымбат. Мұғалім 5 минутта өте үлкен мәселелерді шешіп үлгереді. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Балаларға көп үйретем деп, асығып шала-шарпы үйретуден, аз да болса, анықтап нық үйрету абзал» дейді. Әлде Ұлт ұстазының ұстанымы да ойыншық па? Уақытты шегерген қателікті оқушының білім алу уақытын қысқартумен шешпеңдерші, өтініш! Балалар, толық, лайықты, сапалы білім алу керек! P.S. көптің баласы үшін жаным ашып, шырылдап отырмын. Әйтпесе маған бәрібір. QAZBILIM ұлттық лицейлерінің бәрі бір ауысымда сағат 8:30 – 16:30 аралығында оқиды. Қалай сырғытса да әсер етпейді", - деп жазды Аятжан Ахметжанұлы. Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.
Оқушылардың білім алатын уақытын ұрламайықшы!
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады12:00, 07 декабря 2025
45
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты13:29, 02 декабря 2025
32
-
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді15:59, 17 ноября 2025
87
-
Гүлзира Айдарбекованың көлігін 7 баласы бар ана ұтып алды18:30, 18 августа 2025
205
-
"Марат Жыланбаев қиын жағдайда": Бұл ақпарат қаншалықты рас?13:00, 18 августа 2025
388
-
Танымал боксшы қыз Пезиденттен көмек сұрады16:30, 11 августа 2025
243
-
Актриса, әнші Айгүл Иманбаева енесімен бірге ән салды15:30, 07 августа 2025
267
-
Сәбит Әбдіхалықов: Бүгін – өмірімнің келесі пердесі ашылған күн.11:00, 04 августа 2025
904
-
Президент Токаев почтил память Алии Молдагуловой в Актобе15:01, 25 июня 2025
599
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді
15:59, 17 ноября 2025
87
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады
12:00, 07 декабря 2025
45
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты
13:29, 02 декабря 2025
32
-