Баяғыда бір елде сөздің ұяттығы жоқ бір "озобоченный" өмір сүріпті. Жаңа жерленген мәйітке барып шаруасын тындырып кетеді екен. Ешкім оны қылмыс үстінде ұстай алмапты. Сол елдің ханының айдай сұлу қызы дүние салыпты. Хан "қызымның денесін қорлатпаймын" деп бейітке күзет қояды. Бірақ, күзеттің мызғып кеткен сәтін пайдаланып әлгі жігіт шаруасын тындыруға кіріседі. Бір кезде көзі аспандағы айға түсіп кетеді. Басы істемесе де айды құрметтеу керек екені басына дың ете қалып, айдан ұялып басқа жаққа бұрыла бергенде үңгірдің түбіне құлап кетіпті. Осылайша Алла оны жазалаған екен.Қушоқылық туыстарымыз өздері абыр-сабыр боп жүріп бұл сөзге мән бермеуі де мүмкін. Болмаса имамның осындай екеніне көнгендік пе білмеймін... Өзім құран оқылып бітісімен "Имеке,мынауыңыз не әңгіме? Ас үстінде айтылатын нәрсе ме осы? Некрофил жайлы уағызыңыз тіпті намысыма да тиіп кетті", деп ренішімді білдірдім. -Жоға, қайдағы некрофил? Алтын ұрлайды ол жігіт,- деп жалтарды біліксіз молдасымақ. -"Озобоченный" деген сөзді өзің ғой айтқан. Алтын ұрласа солай айтпайсың ба?,-дегенімше болмады мұрнының астымен мыңқылдап, жылыстай берді. Жындыбас кезімде жолықса сол жерде танауын делдитер ме едім...Өзімді әрең ұстадым. Меніңше, Қушоқы қаладан 50-60 шақырым жерде жатқандықтан ешкім ол жерге барып имам болғысы келмейді және ауыл имамына төленетін айлық тиын ғана болуы мүмкін. Сондықтан да, 3 айлық курстан өткен осындай далбандар имам болып жүр біраз жерде және діннің қадірін кетіретіндер де осындайлар. Тіпті, былай да айтар ем. Қазір келсін-келмесін мысал айтып, жұртқа ақылды боп көрінетін уағызшылар көп. Солардың артында біраз армия бар. Ауылда жатқан осындай жігіттер де солар секілді құрметті болғысы келеді. Солар секілді ауыз аштыратын уағыз айтқысы келеді. Яғни, эмоцияға толы уағыз айтып, жұртты таң қалдырсам деп түрлі мысал ойлап таба беретіндей. Көбінің білімі таяз болғадықтан соңында күлкі болады. Сондайдан туындаған авария ма.... Естай Әбдіғали мырза, Қушоқы кентінің имамының білім дәрежесі қандай? Анау баяғы қыз зорлайтын сары қағазы бар имам секілді делқұлы біреу емес пе? Мен діннің жауы емеспін. Бірақ, осындай делқұлылар неге имам болады? Неге жұрттың жаназасының, асының мәнісін бұзады? Жақын адамымыздың құранында естіген кезде тіпті ауыр тиді Айсұлтан ЖАҚЫПОВ, блогер. Facebook жазбасы. Фото интернеттен.
Осындай делқұлылар имам болып, діннің қадірін кетіріп жүр
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады12:00, 07 декабря 2025
42
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты13:29, 02 декабря 2025
29
-
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді15:59, 17 ноября 2025
85
-
Гүлзира Айдарбекованың көлігін 7 баласы бар ана ұтып алды18:30, 18 августа 2025
203
-
"Марат Жыланбаев қиын жағдайда": Бұл ақпарат қаншалықты рас?13:00, 18 августа 2025
387
-
Танымал боксшы қыз Пезиденттен көмек сұрады16:30, 11 августа 2025
241
-
Актриса, әнші Айгүл Иманбаева енесімен бірге ән салды15:30, 07 августа 2025
265
-
Сәбит Әбдіхалықов: Бүгін – өмірімнің келесі пердесі ашылған күн.11:00, 04 августа 2025
901
-
Президент Токаев почтил память Алии Молдагуловой в Актобе15:01, 25 июня 2025
598
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді
15:59, 17 ноября 2025
85
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады
12:00, 07 декабря 2025
42
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты
13:29, 02 декабря 2025
29
-