Эмоционалды жаттығу. Балық аулау, аквалангпен жүзу, тир, спорт немесе адреналинді тудыратын кез келген хобби көңіл күйдің жақсаруына ықпал етеді. Физикалық белсенділік. Үнемі спортпен шұғылдану "бақыт гормондары" – серотонин мен дофаминнің бөлінуіне ықпал етеді. Сүйікті ісіңізге оралу. Ескі хоббиге уақыт бөліңіз немесе жағымсыз ойлардан аулақ болу үшін өзіңізге жаңа қызық хоббиді бастап көру. Дұрыс тамақтану. Дәрумендер мен минералдарға бай диета ағзаның жалпы жағдайына оң әсер етеді. Сапалы ұйқы. Ұйқы режимін сақтау психоэмоционалды күйді қалпына келтіруге көмектеседі.Маман босанғаннан кейін болатын күйзеліске де тоқталды. Сарапшы оның босанғаннан кейін екі аптадан кейін пайда болуы мүмкін екенін және кейбір жағдайларда бірнеше жылға созылатынын атап өтті. Бала дүниеге келгеннен кейінгі гормоналды өзгерістер деңгейі, күйзеліске бейімділік және жақын адамдардың жеткілікті дәрежеде қолдау көрсетпеуі бұл жағдайдың дамуында шешуші рөл атқарады. "Бұл аурумен ауыратын адамдардың көбінде оған бейімділік бар: тұрақсыз психоэмоционалды жағдай, бұрын болған депрессиялық эпизодтар, бақыт, рақат және қанағаттану гормондары – серотонин мен дофамин бөлінуінің азаюы. Босанған әйелдің ағзасының гормоналды өзгерістері бұл аурудың дамуына түрткі болуы мүмкін", - деді писхолог. Маман уақтылы диагноз қойылмаса немесе емделмесе, босанғаннан кейінгі күйзеліс өзгеріп, бұзылулардың басқа түрлеріне айналуы мүмкін екенін де ескертті. Симптомдардың ауырлығына байланысты босанғаннан кейінгі күйзелістің үш нұсқасы бар: "Бэби-блюз" – көңіл күйдің әлсін-әлсін нашарлауы және екі апта ішінде өтетін эмоционалды тұрақсыздық. Клиникалық күйзеліс – өзіне және балаға қамқорлық жасау қабілеті бұзылған жағдай маманның кеңесін қажет етеді. Психоз – бұл шынайы өмірмен байланысын жоғалтумен және суицидтік ойлармен бірге жүретін сирек кездесетін ауыр ауру. Сарапшы психологтың немесе психотерапевттің ерте диагностикасы мен көмегі ауыр зардаптардың дамуына жол бермейтінін және жақын адамдардың қолдауы денсаулықты қалпына келтіруде шешуші рөл атқаратынын жеткізді.
Психолог депрессиядан құтылудың жолдарын айтты
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады12:00, 07 декабря 2025
41
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты13:29, 02 декабря 2025
28
-
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді15:59, 17 ноября 2025
84
-
Гүлзира Айдарбекованың көлігін 7 баласы бар ана ұтып алды18:30, 18 августа 2025
202
-
"Марат Жыланбаев қиын жағдайда": Бұл ақпарат қаншалықты рас?13:00, 18 августа 2025
387
-
Танымал боксшы қыз Пезиденттен көмек сұрады16:30, 11 августа 2025
241
-
Актриса, әнші Айгүл Иманбаева енесімен бірге ән салды15:30, 07 августа 2025
264
-
Сәбит Әбдіхалықов: Бүгін – өмірімнің келесі пердесі ашылған күн.11:00, 04 августа 2025
901
-
Президент Токаев почтил память Алии Молдагуловой в Актобе15:01, 25 июня 2025
597
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді
15:59, 17 ноября 2025
84
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады
12:00, 07 декабря 2025
41
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты
13:29, 02 декабря 2025
28
-