«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды», - делінген Ақорда хабарламасында.Айта кетейік, осыыған дейін ШҚО әкімі болған Ермек Көшербаев үкімет басшысының орынбасары болып тағайындалғаны хабарланған болатын. Нұрымбет Сақтағанов 1970 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетін, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 1992 жылы Қызылорда облысының Сырдария ауданындағы №172 орта мектепте оқытушы ретінде бастаған. Әр жылдары мемлекеттік қызмет, соның ішінде кеден органдарында жауапты басшылық қызметтерде болған. 2007-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Сыртқы инвестиция көздерін жоспарлау бөлімі басшысы, аталған министрдің кеңесшісі, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі миграция комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет етті. 2012-2021 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, Ұлан ауданының және Семей қаласының әкімі қызметтерін атқарған. 2021 жылдың ақпан айынан 2022 жылдың маусым айына дейін Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының әкімі лауазымында еңбек етті. 2022 жылдың 24 маусымынан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болды. 2023 жылдың қыркүйегінде ШҚО әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Шығыс Қазақстан облысында жаңа әкім
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады12:00, 07 декабря 2025
46
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты13:29, 02 декабря 2025
33
-
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді15:59, 17 ноября 2025
89
-
Гүлзира Айдарбекованың көлігін 7 баласы бар ана ұтып алды18:30, 18 августа 2025
205
-
"Марат Жыланбаев қиын жағдайда": Бұл ақпарат қаншалықты рас?13:00, 18 августа 2025
389
-
Танымал боксшы қыз Пезиденттен көмек сұрады16:30, 11 августа 2025
244
-
Актриса, әнші Айгүл Иманбаева енесімен бірге ән салды15:30, 07 августа 2025
268
-
Сәбит Әбдіхалықов: Бүгін – өмірімнің келесі пердесі ашылған күн.11:00, 04 августа 2025
904
-
Президент Токаев почтил память Алии Молдагуловой в Актобе15:01, 25 июня 2025
599
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді
15:59, 17 ноября 2025
89
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады
12:00, 07 декабря 2025
46
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты
13:29, 02 декабря 2025
33
-