Аңсар Қажмұханұлы сотта прокуратурамен мәмілеге келіп, кінәсін мойындауға дайын екенін мәлімдеді. Оған аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр.Сот Қажмұханұлының өтінішін қанағаттандырып, келісімге қол қоюға уақыт берді. Кінәні мойындау және өкіну жазаны жеңілдетуі мүмкін. 14 наурызда Астанада әнші Сиви Махмудидің бұрынғы байы Аңсар Қажымұқанұлына қатысты сот отырысы басталған болатын. Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталып отыр. Әзірге істің егжей-тегжейі толық емес, дей тұрғанмен Nege-дегі әріптестер Аңсардың аты аталған қылмыстық істің мән-жайына үңілуге тырысыпты. Әңгіме 50 мың доллар жайында. Естеріңізде болса, былтыр Ұлытау облысында ғылыми-әдістемелік орталық қызметкерлеріне қатысты "сеніп тапсырылған мүлікті иемдену" фактісі бойынша іс қозғалған. Тергеу амалы кезінде, басқа бір былықтың беті ашылған еді. Орталықтың бас бұғалтыры есірткімен ұсталған қызының жазасын жеңілдету үшін елордалық пәлцейлерге пара ұсынғаны әшкере болған. Сотта бас бұғалтыр кінәсін толық мойындады. Айтуынша, қызы өткен жылдың 28 наурызында ұсталыпты. Оның есірткі сақтағаны және оны саудаға шығаруға тырысқаны дәлелденген. Анасы үрейленіп, таныс-тамыр арқылы "мәселені шешетін" адам іздестіре бастамай ма... Міне, сол кезде оның туысының күйеубаласы 50 мың долларға "мәселені жауып тастауға" уәде берген. Әйел бұл соманы екі бөліп төлеген. Бірақ уәде орындалмаған, істің бабын жеңілдету мүмкін болмаған. Енді ең қызығы... Бұғалтыр әйелге уәде берген адам Сиви Махмудидің бұрынғы байы - Аңсар Қажымұханұлы болған. Айтуынша, Аңсар "бұл шаруаны ың-шыңсыз шешіп тастаймыз" деп сендірген. Істің аяғы сұйылып кеткесін, бұғалтыр әйел қаржыны қайтаруды талап еткен. Алайда Аңсар Қажымұханұлы уәде етілген 50 мың доллардың тек 28 мыңын ғана қайтарған. Тергеу мәліметі бойынша, Сивидің бұрынғы байында Астанадағы Алматы ауданының полиция бөлімінде ешқандай таныс-тамыры болмаған. Алған қаражатты жеке басының пайдасына жаратып жіберген. Түнеукүні журналист Анна Данченкоға сұхбат берген Сиви Махмұди бұрынғы күйеуінен көрген қорлығын айтып, экран алдында көз жасын көлдеткен еді. Әнші өзінің қауіпсіздігі үшін басқа қалаға көшуге мәжбүр болғанын да мәлімдеген.
Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі айыбын мойындады
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады12:00, 07 декабря 2025
45
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты13:29, 02 декабря 2025
32
-
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді15:59, 17 ноября 2025
87
-
Гүлзира Айдарбекованың көлігін 7 баласы бар ана ұтып алды18:30, 18 августа 2025
205
-
"Марат Жыланбаев қиын жағдайда": Бұл ақпарат қаншалықты рас?13:00, 18 августа 2025
388
-
Танымал боксшы қыз Пезиденттен көмек сұрады16:30, 11 августа 2025
243
-
Актриса, әнші Айгүл Иманбаева енесімен бірге ән салды15:30, 07 августа 2025
267
-
Сәбит Әбдіхалықов: Бүгін – өмірімнің келесі пердесі ашылған күн.11:00, 04 августа 2025
904
-
Президент Токаев почтил память Алии Молдагуловой в Актобе15:01, 25 июня 2025
599
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді
15:59, 17 ноября 2025
87
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады
12:00, 07 декабря 2025
45
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты
13:29, 02 декабря 2025
32
-