Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Марафоннан соң желіден көрінбей кеткен блогерді оқырмандары іздей бастаған. Алаңдаған көпшілікке ол жеке парақшасында жауап қатты. Белгелі болғандай, блогер марафоннан кейін әліге дейін өз-өзіне келе алмай жатқан көрінеді. "Екінші күн қатарынан орнымнан тұра алмай жатырмын. Денем ауырып, қозғалтар емес, қызуым көтеріліп кетті. Марафоннан соң жүре алмай қалдым, аяқтарым қақсап барады. Жүрегім айни береді. Шамасы күйзеліс пен жаттығудың кері әсері болса керек. Климаты да мүлде жақпады. Қазір қаланы аралап жүруім керек еді, ал мен қонақүйдің бөлмесінен шыға алмай қалдым", – деп жазды ол.
Одан кейін блогер марафон ұйымдастыру жағынан Алматының деңгейі әлдеқайда жоғары екенін де алға тартты. "Алматыдағы марафонның ұйымдастырылу деңгейі өте жоғары. Лондонда бізге бергені мына пакет, болды. Демеушілер тартса болар еді. Бұл жақта ауаның өзі қымбат тұрады. Ал Алматыда бүге-шегесіне дейін қарастырылады", – деді ол. Байтуғаева 2024 жылы Чикаго марафонына да қатысқан. Ол кезде де ол 42 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өткен. Айта кетейік, 2025 жылдың 27 сәуірінде Ұлыбритания астанасында өткен марафонның нәтижесі бойынша шамамен 60 мың адам мәре сызығын кесті. Бұл көрсеткіш 2024 жылғы қарашада Нью-Йорк марафонында тіркелген әлемдік рекордтан асып түсті. Ол кезде мәреге 55 646 адам жеткен еді.Танымал блогер "Супер Мамасита" Лондондағы марафонға қатысып, келеңсіз жағдайға тап болды
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады12:00, 07 декабря 2025
46
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты13:29, 02 декабря 2025
33
-
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді15:59, 17 ноября 2025
89
-
Гүлзира Айдарбекованың көлігін 7 баласы бар ана ұтып алды18:30, 18 августа 2025
205
-
"Марат Жыланбаев қиын жағдайда": Бұл ақпарат қаншалықты рас?13:00, 18 августа 2025
389
-
Танымал боксшы қыз Пезиденттен көмек сұрады16:30, 11 августа 2025
244
-
Актриса, әнші Айгүл Иманбаева енесімен бірге ән салды15:30, 07 августа 2025
268
-
Сәбит Әбдіхалықов: Бүгін – өмірімнің келесі пердесі ашылған күн.11:00, 04 августа 2025
904
-
Президент Токаев почтил память Алии Молдагуловой в Актобе15:01, 25 июня 2025
599
-
Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді
15:59, 17 ноября 2025
89
-
Рысбала Икрамбай: "Басыңа келгір!" деп видео жариялады
12:00, 07 декабря 2025
46
-
Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы айтты
13:29, 02 декабря 2025
33
-