“Қазақстан атасының басына…” деген уағызшы белден төмен әңгіме өте маңызды дейді

“Жұмақты сатып алуға болады” деп жұртқа танылған уағызшы Жанәділ Райымбеков еркек пен әйел арасындағы түрлі қатынас туралы сөз қозғады деп жазады Democrat.kz.
Уағызшының сұхбатын арнайы қарап шығып, есімізге ескіде жиі айтылатын “бит” деген анекдот еріксіз түсті. Төмендегі видеосы берілген парақша тұтас жыныстық қатынасқа толы сұхбаттан тұрады десек, артық болмас, сірә…
Себебі, әр әңгімесінің соңы әйел мен еркектің жыныстық қатынасына келіп тірелетін бұл уағызшы: “Қазір сондай аппараттар бар. Әйелдерге еркектен де жақсы ләззат береді” дей келе еркек пен әйелдің жыныстық қатынасының негізгі аспектілеріне тоқталады.
Келесі бір сөзінде “ей, қыздар, сендерге дерзкий, ақша табатын, тестостероны биік, сендерді қызғанатын жігіт керек пе? Біліп қойыңдар, ондай жігіт ешқашан сенің айтқаныңды істемейді. Ондай жігіттерді сендер абюзер дейсіңдер. Тестостероны түсіп кеткен еркектің ешқашан табысы болмайды” дейді.
“Пайғамбар с.ғ.с Айша анамыз су ішкен ыдыстың Айшаның су ішкен жеріне ернін тигізіп су ішетін болған. Не деген романтика! Еркектер оны бағаламауы мүмкін. Ал ана қыздың ішінде нелер болып жатыр, ойлашы!”
“Неге төсек қатынасынан басқа әңгіме айтпайсың?” деген сұраққа уағызшы: “Қанша бала жетім қалып жатыр. Бұл тақырып не үшін айтылуда? Өйткені сұраныс бар. Қазақстан атасының басына… әлемде 16, Азияда 1 орында болмаса. Ислам ғалымдары “Жұбайлар шаттығы” деген кітаптарында алғашқы түннен бастап түсіндіреді. Себебі – бұл өте маңызды” деп тағы да сол төсек қатынасының маңыздылығына тоқталады.
Фото интернеттен.
Watch on TikTok