«Қазақтың қызы орамал тартпаған» дейді абыз ақсақал

0
567

Ютубтегі Qogam dauysu арнасына сұхбат берген ақын, сазгер Кәмнұр Тәлімұлы керемет дүниелер айтты деп жазады Democrat.kz. 

Шын мұсылман қандай адам деген сұраққа Кәмнұр Тәлімұлы ақсақал: «Шын мұсылман кім болар? Айтқан сөзі шын болар. Ынсап, ар-ұят, намыс төртеуі болса, дін болар. Міне, діннің анықтамасы. Ал қазір дін десе, шолақ балақ, сақалы қауғадай, сауыс-сауыс текенің сақалындай мұртын қырған баланың «әлхамдуллилла» дегенді дін деп ойлайды.

Мұнан басқа, қара жамылған қыздар. Қазақта байы өлген қатынды «басы қаралы, беті жаралы болды» деген. Қазақ қара салмаған ешуақытта. Ақ жаулығың аман ба деген қазақ.

Қыз басына орамал салмаған! Үкілі кәмшат бөркін киген. Қос бөрімін өріп қойып, тақиясын киген. Тұрмысқа шыққан соң, қызға ақ жаулығын салған», — дейді.